homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетЖаңалықтар«Кемеңгер Көшбасшы – кемел Қазақстан!»: кітап көрмесі
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Кемеңгер Көшбасшы – кемел Қазақстан!»: кітап көрмесі

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы күні қарсаңында А.С.Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы «Кемеңгер Көшбасшы – кемел Қазақстан!» атты кітап көрмесімен ШҚО Полиция Департаментінде болып қайтты.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихы оның негізін қалаушы Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен тығыз байланысты.
«Кемеңгер Көшбасшы – кемел Қазақстан!» атты кітап көрмесінде ұсынылған кітаптардың қай-қайсысын алсаңыз да, Тұңғыш Президенттің портретіне жаңа рең қоса отырып, оның ұлт көшбасшысы, азамат әрі адам ретіндегі көп қырлы тұлғасын толығырақ және тереңірек пайымдауға ықпал етеді. Ал олардың ерекшелігі – тілі жеңіл, қарапайым адамға өте түсінікті.
Тұңғыш Президентіміздің алғашқы кітаптарының бірі, оның Президент болмай тұрып, 1985 жылы жазған «Стальной профиль Казахстана». Өзінің еңбек жолын бастаған Қарағанды металлургиялық комбинаты жайлы сыр шертеді. Осы орайда Полиция Департаментінің басшысы Сағат Мәдиев өзі еңбек еткен еңбек жолында Теміртау қаласындағы Елбасы мұражайына барып, осы кітаптардағы мағлұматтармен сол кездерде танысқаны туралы жас полиция қызметкерлерімен ой бөлісті.
Заманауи тарихымызды толығымен Елбасымыздың «Тәуелсіздік дәуірі» атты тарихи публицистикалық еңбегінен оқи аласыздар. Елбасы жайлы айтқанда, оның ораторлық қасиетін ерекше атап өткен жөн. Оны «Ой бөлістім халқыммен», «Жылдар мен ойлар», «Өзекжарды ойлар», «Ақыл-парасат кітабы» сияқты еңбектері дәлелдей түседі.
Елбасының жолдауларына талдау жасай отырып, шешендік өнерге баулитын бірден-бір туынды филология ғылымдарының кандидаты, доцент Л. И. Абдуллинаның «Говорить как Назарбаев» еңбегі. Тұңғыш Президенттің көпшілік алдында сөйлеген сөздерін мысалға ала отырып, жастарды шешен сөйлеуге үйрететін құрал.
Кездесу барысында Полиция департаментінің жас офицер қызметкерлері Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптарымен жақынырақ танысып, тәуелсіздігіміздің тұғырлы, мемлекетіміздің ғұмырлы болып, Тұңғыш Елбасымыз бастап кеткен дара жолмен жасай беретініне кәміл сендірді.

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26057625
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102