Кітапханаға жазылу
- Жарияланды 28.03.2015 17:30
Бір - екі - үш деп, Біздің оқырманымыз болыңыз!
Как стать нашим читателем (2)
- Жарияланды 28.03.2015 17:30
Станьте нашим читателем на раз - два - три!
Принесите:
2. книгу регистрации жильцов или адресную справку (если хотите брать литературу на дом);
3. чек на единовременную оплату за оформление читательского билета (в соответствии с Правилами пользования КГУ «ВК областная библиотека имени А.С. Пушкина»)
* Если Вы хотите стать нашим виртуальным читателем, то необходимо пройти регистрацию. Пароль будет выслан на Ваш e-mail.
Во всех залах обслуживания работают дежурные библиотекари-консультанты, которые придут на помощь в затруднительных ситуациях.
Книги и журналы выдаются при наличии городской прописки на срок до 10 дней. Редкие, ценные, справочные и энциклопедические издания на дом не выдаются. Также работают Интернет-зал (поиск информации в Сети), IT-Otau (курсы и тренинги по ИКТ).
Пайдалану Ережелері
«Бекітемін»
ШҚО мәдениет басқармасының
«А.С.Пушкин атындағы
ШҚ облыстық кітапханасы» КММ директоры
ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Жалпы ережелер
1.1. ШҚО мәдениет басқармасының «А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасы» КММ пайдалану Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасының 2002 жыл 8-мамырдағы №118 Мәдениет министрлігі және қоғамдық келісіммен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кітапхана мекемелерінің қызметтері туралы Ережеге, Кітапхана Жарғысына сәйкес құралып, Кітапхана пайдаланушыларына қызмет көрсетуді ұйымдастырудың ортақ тәртібін анықтап, Кітапхана мен пайдаланушылардың ортақ құқық пен міндеттерін орнатады;
1.2. ШҚО мәдениет басқармасының «А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасы» КММ (бұдан әрі - Кітапхана) экономика, саясат, өндіріс, бизнес, білім, мәдениет пен рухани дамудың маңызды ресурсы болып табылатын ғылымның барлық саласы бойынша еркін де қолжетімді ақпарат беретін әмбебап мазмұндағы жалпыға бірдей кітапхана болып табылады;
1.3. Кітапхана өлкетану әдебиеттері мен жергілікті басылымдарды сақтаудың орталық қоймасы, кітапханааралық абонементтің облыстық әмбебап орталығы және құжаттарды электронды түрде жеткізуші, облыстың барлық мемлекеттік кітапханалары үшін әдістемелік орталық болып табылады.
2. Кітапхана пайдаланушыларының құқықтары
2.1. Кітапхананы пайдалану құқығын әрбір азамат жынысы, жасы*, ұлты, білімі, әлеуметтік жағдайы, саяси көзқарасы, діни сенімі және кәсіптік деңгейіне қарамастан, сондай-ақ меншік түріне тәуелсіз кез келген заңды тұлға пайдалана алады. Жеке тұлғалар Кітапхана қоры құжаттарын оқырман билеті, ал заңды тұлғалар келісім-шарт негізінде алады;
2.2. Кітапхана пайдаланушыларының барлығы құқылы:
2.2.1. Кітапхана қорлары, құжаттары жайында толық мәлімет алып, ақпарат іздеп, таңдауда кеңесші көмегін пайдалануға;
2.2.2. Кітапхана қорынан кез келген құжатты уақытша пайдаланымға ақысыз немесе Кітапхананы пайдалану Ережелерінде бекітілген бағаға сәйкес алуға;
2.2.3. Кітапханада өтетін конференция, тұсаукесер және өзге де іс-шараларға қатысуға;
2.2.4. Кітапхана қызметін жақсарту бойынша ұсыныс білдіруге;
2.2.5. Пайдаланушылар құқықтарына қысым жасалған жағдайда заңға сәйкес Кітапхана қызметкерлеріне шағым түсіруге;
2.2.6. Демеушілік, қайырымдылық және волонтерлік көмек көрсетуге.
(*) 5 жасқа дейінгі балалар Кітапханаға ата-аналарымен немесе туыстық құқығы бар адамдармен ғана кіргізіледі. Ата-аналар, қамқоршылар немесе тәрбиешілер балалардың қауіпсіздігі мен тәртібі үшін, сондай-ақ кітапхана мүлкі жоғалған немесе бүлініп жарамсыз болған жағдайда толық жауапкершілік алады.
3. Кітапхана пайдаланушыларының міндеттері
3.1. Кітапхананы пайдалану Ережелерін орындап, жұмыс тәртібін сақтау;
3.1.2. Кітапханаға жазылу және жыл сайынғы қайта тіркеу кезінде жеке куәлік ұсыну, ресімдеуге қажетті мәліметтерді хабарлап, тіркеу құжаттарын толтырып, Кітапхананы пайдалану Ережесін орындау туралы келісімін қол қою арқылы растауы тиіс. Оқырман билетін алу үшін «Ақылы қызмет туралы» Бұйрығында көрсетілген бағаны төлеуге;
3.1.3. Пайдаланушылар кітапхана қорын ұқыпты пайдаланып, құжаттарды (кітаптар CD, DVD) Кітапхана белгілеген мерзімде қайтарулары тиіс. Кітапхана құжаттарын пайдалану мерзімі – басылымның сұранысы мен ерекшелігіне қарай 3 күннен 15 күнге дейін беріледі. Пайдаланушы қолындағы әдебиетке өзге пайдаланушылар тарапынан сұраныс болмаған жағдайда белгілі мерзімге ұзарта алады (кітапхана қызметкерінің келісімімен). Пайдаланушыға абонементтен берілетін баспа өнімі 7 данадан аспауы қажет;
3.1.4. Құжаттарды алған кезде қандай да бір ақауы болса, ол туралы кезекші кітапханашыға ескерту қажет. Олай етпеген жағдайда кітапхана пайдаланушылары құжатты кері қайтарған кезде байқалған барлық ақаулар үшін жауап береді;
3.1.5. Кітапхана бөлмелерінде қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтап, ұялы телефонды дыбыссыз тәртіпке қосып, өзге пайдаланушылар құқығын құрметтеп, кітапхана жиһазы мен құрал-жабдықтарын ұқыпты пайдалану;
3.1.6. Нақтылы құрылымдық бөлімде жұмыс уақытының аяқталуына 15 минут қалғанда жұмысты аяқтап, әдебиеттерді өткізу;
3.2. Пайдаланушыларға тыйым салынады:
3.2.1. Оқырман билетін өзгеге беру немесе басқа адамның құжатын пайдалануға;
3.2.2. Оқырман залына кітапханашының рұқсатынысыз қайшы, ұстара, желім, ұйымдастырушы техника құралдары, көбейтілген құжаттарды алып кіруге:
3.2.3. Құжаттарға белгілер жасауға, парақтарын сызып, бүктеуге, парақтарды кесу немесе жыртып алуға, RFID белгісі бар құжат этикеткасын бүлдіруге, суреттерді, карталар мен сызуларды калькадан өткізуге;
3.2.4. Әкімшілік рұқсатынсыз көбейтілген құжаттарды, кітапхананы фотосурет пен киноға түсіруге;
3.2.5. Интеллектуалды меншікті реттейтін ұлттық заңнама мен халықаралық келісімнің нормативті құқықтық актілері баптарының ережесіне қайшы келетін әрекеттер жасауға (Берн конвенциясы, авторлық құқық бойынша Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымы, ҚР «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы 18-20 баптар);
3.2.6. Кітапхана бөлімдеріне лас киіммен, сырт киіммен, үй жануарларымен, азық-түлікпен кіруге;
3.2.7. Кітапхананың қызмет көрсету залдарына азық-түлік тағамдарын әкелуге;
3.2.8. Кітапхана дәмханасында әдебиеттермен жұмыс істеуге;
3.2.9. Қызмет бөлмелеріне кіруге; қызмет телефондарын пайдалануға; компьютер техникасы жұмысына араласуға (қатты дискті ауыстыру, өз бағдарламаларын орнату т.б.).
3.2.10. Кітапхана бөлмелерінде темекі шегуге;
3.2.11. Алкогольдік және есірткімен масайған қалыпта кітапханаға келуге; Мас күйдегі адамдарға қызмет көрсетілмейді.
3.2.12. Кітапханаға суық, газ, оқ қаруларын, оқ-дәрі, жарылғыш және улы заттармен келуге.
4. Кітапхана пайдаланушыларының жауапкершілігі
4.1. Осы Ережені бұзған пайдаланушылар тәртіп бұзу сипаты мен келтірген зардабына қарай 1 айдан 1 жылға дейін пайдаланушы мен кітапхана қызметкерінің жазбаша хаты негізінде Кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады. Жекелеген адамдардың осы Ережені бұзғаны туралы мәліметтері жұмыс, оқу немесе тұрғылықты жеріне, сот органдарына жіберілуі мүмкін.
4.2. Ережені бұзған және Кітапханаға зардап келтірген кітапхана пайдаланушылары оның орнын мынандай тәртіп бойынша толтырады:
4.2.1. Кітапхана қорынан құжаттар жоғалтқан немесе зардап келтірген пайдаланушылар, оны дәл сондай құжат немесе Кітапхана құны мен мазмұны жағынан тең келеді деп танылған құжатпен ауыстыруға міндетті;
4.2.2. Кітапхана қорынан жоғалтылған құжатты ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда, пайдаланушылар оның құнын жоғалған күннен бастап есептегенде 10 есе мөлшерде өтеуге міндетті;
4.2.3. Ерекше құнды және сирек құжаттар жоғалтылған жағдайда пайдаланушылар оның құнын Кітапхана тағайындаған бағамен, аукциондар мен жәрмеңкелер, букинистік дүкендер каталогтарынан материалдарды іздеп табу арқылы өтейді;
4.2.4. Кітапхана қорынан басылымдар жоғалтқан пайдаланушылар, белгіленген тәртіп бойынша оны қалпына келтіру үшін Кітапхана шығындарын қосымша төлейді;
4.2.5. Уақытша пайдалануға алған құжаттардың қайтару мерзімін бұзған пайдаланушылар «Ақылы қызмет туралы» Бұйрыққа сәйкес өсім ретінде тұрақсыздық айыбын төлейді. Ұзақ мерзімдік қарызды өтету үшін Кітапхана сот орындаушыларының көмегіне жүгінеді.
4.2.6. Әдебиеттерді уақытында қайтару тәртібін жүйелі түрде бұзатын пайдаланушылар Кітапхананы пайдалану құқынан айырылады және қажет жағдайда Кітапхана сот органдарына жүгінеді.
4.2.7. Кітапхананың құрал-жабдығына зардап келтірген пайдаланушылар, оны қалпына келтіруге қажетті соманы төлейді;
4.2.8. Киім ілгіш жетонын, сөмке қоятын шкаф кілтін жоғалтқан пайдаланушылар «Ақылы қызмет туралы» Бұйрыққа сәйкес айыппұл төлейді;
4.2.9. Кітапхана бөлмелерінен алып және қараусыз қалтырған әдебиеттер үшін пайдаланушы жауапкершілік алады;
4.2.10. Өзге жағдайларда Кітапхана мүлігі мен қызметкерге зардап келтірген пайдаланушылар ҚР заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
5. Кітапхана құқықтары
5.1. Кітапхана пайдаланушыларға өз Жарғысы, Кітапхананы пайдалану Ережесі және іс-әрекеттегі заңдарға сәйкес қызмет көрсетеді;
5.2. Кітапхана құқықтары:
5.2.1. Өз Жарғысында көрсетілген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес өз қызметінің мазмұны мен нақтылы түрлерін белгілеу;
5.2.2. Кітапхананы пайдалану Ережесін құрылтайшылармен келісе отырып әзірлеу және бекіту;
5.2.3. Қабылданған тәртіпке сәйкес сирек және құнды басылымдарды пайдалануда кепілге беруді енгізу;
5.2.4. Кітапхана пайдаланушылар келтірген зардаптың мөлшері мен орнын толтыруды анықтау;
5.2.5. Пайдаланушыларға ұсынылатын қызмет түрлерін кеңейту және Кітапхананы әлеуметтік-шығармашылық тұрғыда дамыту мақсатында шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
5.2.6. Заңды және жеке тұлғалармен келісім шарт негізінде кітапхана қорларын пайдалану шартын белгілеу;
5.2.7. Кітапхана құрылтайшыларымен келісе отырып өз қорынан құқықтық актілерге, құжаттарды қордан шығару тәртібіне сәйкес құжаттарды қордан шығару.
6. Кітапхана міндеттері
Кітапхана міндетті:
6.1. Пайдаланушыларға жоғары мәдениетті қызмет көрсету, олардың сұранысы мен мүддесіне сәйкес ақпараттық деректерді іздестіру мен табуда кеңестік көмек беруге;
6.2. Пайдаланушылардың кітапхана қоры ақпараттары мен құжаттарын еркін пайдалану құқықтарын жүзеге асыруға жағдай жасауға;
6.3. Кітапхана пайдаланушының талабын толық қанағаттандыру мақсатында олардың сұраныстарын зерттеу, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мүмкіндігі негізінде кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық қызметпен қамтуға;
6.4. Кітапхана пайдаланушылар мен олардың не оқитыны туралы құпиялылықты сақтауға;
6.5. Кітапхана пайдаланушыларға Кітапхана қызметінің барлық түрлері туралы ақпараттар беруге;
6.6. Кітапханада қабылданған ережеге сәйкес кітапхана қорында пайдаланушыға қажетті құжаттар болмаған жағдайда, оны өзге кітапханалардан сұрастыруға;
6.7. Кітапхана қорындағы құжаттарды, тарихи және мәдени мұра болып табылатын баспа басылымдары мен өзге де материалдарды тиімді пайдалану және сақтауды қамтамасыз ететін ҚР-да бекітілген ережелерге сәйкес есепке алу, сақтау және пайдалануға;
6.8. Кітапхана қорына пайдаланушыларға берілген басылымдардың уақтылы қайтарылуын жүйелі түрде қадағалауға;
6.9. Кітапхана бөлімдерінің жұмыс тәртібін сақтау, өзгерістер болған жағдайда ол туралы пайдаланушыларды хабардар етуге.
7. Кітапханаға жазылу тәртібі
7.1. 5 жастан асқан және одан ересек тұлғалар Кітапхана пайдаланушысы бола алады;
7.2. 15 жасқа дейінгі пайдаланушылар кітапханаға заңды өкілдері (ата-анасы, асырап алушы, қамқоршы) ұсынған жеке басын куәландыратын құжат негізінде жазылады;
7.3. Кітапханаға жазылу үшін жеке тұлғалар жеке басты куәландыратын құжат (жеке бас куәлігі, төлқұжат, студенттер - студенттік билет немесе сынақ кітапшасын) және тіркеу туралы құжат (Абонемент бөлімін пайдалану үшін) ұсынады;
7.4. Кітапхана пайдаланушысына тұрақты оқырман билеті беріліп, жеке идентификаторлы RFID белгісі тағайындалады. Оқырман билетін ресімдеуге «Ақылы қызмет туралы» Бұйрыққа сәйкес бір реттік төлемақы төленеді;
7.5. Пайдаланушылар Кітапхананы пайдалану Ережесімен танысып, тіркеу құжаттарын толтырып, Кітапхананы пайдалану Ережесін орындау туралы келісімін қол қою арқылы растайды. Сондай-ақ, пайдаланушы қол қою арқылы кітапхана қорын мұқият пайдаланып, мекен-жайлық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, кітапхана қызметіндегі статистикалық есеп, пайдаланушы тұрғындардың әлеуметтік құрамын зерттеу үшін қажет болатын жеке мәліметтерін өңдеуге келісім береді;
7.6. Жыл сайын 3 қаңтардан бастап Кітапханада тұрақты оқырмандарды қайта тіркеу жүргізіледі, ол үшін 7.3 п. көрсетілген құжаттар ұсынылады;
7.7. Заңды тұлғалар Кітапхана қызметін келісім шарт негізінде пайдаланады. Жоба кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсететін құрылымдық бөліммен әзірленіп, директордың қолымен расталады.
Кітапхана туралы
Бүгінгі күні біздің кітапхана даму стратегиясы заманауи инновациялық технологияларды енгізуге негізделген облыстағы ірі кітапханалардың бірі.
Кітапхана құрылымы:
Кітапты толықтыру және өңдеу орталығы - кітапхана топтамасының базасын қалыптастырады. Кітапхана қорын жаңарту және толықтырумен айналысады.
Анықтама-библиографиялық қызмет орталығы: библиография секторы, өлкетану секторы және құжаттарды каталогтау секторы.
Библиография секторы кітапхананың ақпараттық және анықтамалық жұмыстарына жауап береді. Библиографтар пайдаланушылар сұранысы, соның ішінде виртуалды сұраныстар бойынша ақпарат іздейді; мамандарға арналған түрлі ақпараттық іс-шаралар өткізеді.
Өлкетану секторы – өлкетану ақпараттық ресурстарының түрлі санаттағы пайдаланушыларға қолжетімді болуын қамтамасыз етіп, өлкетану білімін жетілдіруді жүзеге асырады. Сектор мамандары баспа, мұрағат, мұражаймен және авторлармен жұмыс жүргізу арқылы өлкетану құжаттарын анықтаумен айналысады. Сирек кездесетін және көп сұраныстағы өлкетану материалдарын электронды нұсқаға көшіреді.
Каталогтау секторы қызметкерлері кітапханаға келіп түскен ақпарат көздерін жүйелеп, оларды электронды каталогта көрсетеді.
Ақпарат және сервис орталығы – кітапхана қорынан құжаттарды тауып беру арқылы ақпараттық сұраныстардың толық қамтылуын қамтамасыз етеді. Орталық құрамында: Оқу залдары секторы (Жалға беру және Түнгі абонемент қызметі. Мамандар үшін – қажетті әдебиетті іріктеу); Медиатека (СD, DVD дискілер, аудиожазбалар, бейнекассеталар, нота басылымдары, репродукциялар, грамофон күйтабақтары; тақырыптық бейнесабақтар мен фильмдер көруді (жеке және топпен) ұйымдастыру); Абонементтік қызмет көрсету секторы (үйге берілетін көркем және ғылыми-танымал әдебиеттер, ойын кинолары); Тіркеу секторы (кітапханаға жазу, кітапхана қызметтері әрі жұмыс істеу ережесімен таныстыру мақсатында жаңа оқырмандарға экскурсия ұйымдастыру).
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар орталығы: Интернет-зал (жоғары жылдамдықты желіден ақпарат іздеу, кеңесшілер көмегі, ақпараттарды басып шығару немесе сыртқы тасымалдағыштарға сақтау, компьютерлерді немесе семинар жүргізу үшін залды толығымен жалға алу/резервтеу. Пайдаланушы желіде жұмыс істеу уақытын Ережеге сәйкес өзі анықтайды); Тренинг орталығы және IT-OTAU (қысқа мерзімді тренингтер, ДК негіздері, Интернет желісі және электронды пошта т.б. бойынша курстар); Құжаттардың электрондық жеткізілімі (пайдаланушы тапсырысына сәйкес біздің кітапхана мен өзге кітапханалар қорларынан құжат көшірмелерінің электрондық жеткізілімін жасау).
Халықаралық ресурстар орталығы - Неміс ақпарат орталығы, Француз оқу залы, Америка мәдени орталықтарында шет тілдерін үйренушілер үшін керемет басылымдар топтамасы жинақталған. Кино және пікірталас клубтары жұмыс істейді.
Білім орталығында қазақстандық жастардың зияткерлік өсуі мен адами капиталын арттыру үшін қолайлы жағдайлар мен инновациялық мүмкіндіктер жасалады. Орталықтың іс-шаралары жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген жастардың тұтас дүниетанымын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Балалар секторына жас пайдаланушылар тек кітап алу үшін ғана емес, сонымен қатар тілдік сабақтарға, шығармашылық және техникалық үйірмелерге, компьютерлік тренингтерге және т.б. қатысу үшін келеді. Мұнда кітап оқып, білім алып, шығармашылық қабілетті дамытуға барлық жағдай жасалған.
Облыс кітапханаларын дамыту орталығы – өңірімізде ақпараттық кеңістік құруда ерекше орын алады. Орталықтың басты міндеті – облыстың аудан мен ауыл кітапханаларының заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеріп, пайдалануына көмек көрсету.
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана директоры: Шағиева Бибігүл Жамбылқызы
Өскемен қ., Қазақстан к., 102 Тел. + (7232) 261-333, факс +(7232) 263-087
Тағы мақалалар...
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26054931
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы