homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетЖобаларОнлайн орталықтар
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Сәтті оқиғалар

Бесқарағай

Кайсина Рая  49 жаста жуырда Орман шаруашылығына оператор болып жұмысқа орналасқан. Онлайн орталығына келіп, дербес копьютерді пайдалану курсынан өтіп, қазір жұмысын жақсы атқарып жүр.

Аудандық өнер мектебінің домбырадан дәріс беретін ұстазы Мотышев Ернат орталықта Power Point, Интернет курстарына қатысып, слайд презентация жасауды, интернеттен әндерді жазып алу, видеоларды кесіп-қысқартуды үйренді. 26-27 наурыз күндері «Күй киелі өнер» облыстық байқауын нәтижелі өткізді.

Зайсан

Жұмабекова Жанбота musik.kz сайтын пайдаланып Семей қаласындағы өткен ІІ-ші облыстық «Алтай  жұлдыздары» байқауында ән салу номинациясы бойынша мақтау грамотасымен марапатталды.

Қаратал мәдениет үйінің қызметкері Саматаев Мықтыбай өзінің жеке шығармашылық концертін беруіне байланысты өлең жүктеп,  концертке сценарий алды musik.kz сайтын пайдаланды.

Қаратал мектебінің 5 "б" сынып оқушысы Бөкетова Ақбота www.didar-gazeti.kz. сайтын пайдаланып, аудандық дебат ойынына қатысып, финалға шықты.

Қалиева Айнұр www. kazmusik.kz сайтына кіріп, Мерекем әнінің минусовкасын жүктеп алып өзінің жеке концертінде орындап шықты.

Қасенова Айдана egov.kz порталын пайдаланып, ЭЦП-сы арқылы мемлекеттік қызмет тесіне тапсырыс берді.

Күршім

Жұмыссыз Гүлнәр Исимбаеваға наубайхана ашу үшін қажетті құжаттар дайындап бердік. Прайс лист, бизнес жоспар беріп, Word бағдарламасында жұмыс істеу, Интернеттен ақпараттар іздеу, электронды пошта ашу, сканерлеу тренингін өткізіп, нәтижесінде 2 миллион несие алды.

Күршім орталық кітапханасында «Ауыл шаруашылығын несиелендіру» атты семинар өтті. Кітапхана қызметкетлері «Бизнеске алғашқы қадамдар» атты шолу жасады. Нәтижесінде 2 адам кәсіпкерлікті бастамақ болып, сауалдар қойды, бизнес жоспар алды.

Құйған, Қайыңды, Ақсуат, Сарыөлең, Боран ауылдық кітапханашыларымен «Кітапхана қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін арттыру» атты тренинг өтті. Нәтижесінде кәсіби сауалдарына жауап алып, облыстық Пушкин атындағы кітапхана сайтымен таныстырылып, қажетті ақпараттарды алды.

Қыстаукүршім ауылының тұрғыны, жұмыссыз  Рысбаев Әмірхан «Ауыл шаруашылығын несиелендіру» атты кеңес алып, «Бизнеске алғашқы қадамдар» атты кітап көрмесінен  бизнес жоспар алды. Нәтижесінде несие алуға құжаттар дайындауда.

Күршім

Жұмыссыз Сейітқазин Серік құс фермасын ашу үшін, Интернеттен қажетті ақпараттар алды.Сондай-ақ «damu.kz» сайтымен танысып несие алуға құжаттар жасауға көмектесіп, «Бизнес ашу» кітап көрмесінен бизнес жоспар туралы кітап ұсындық.

Жұмыссыз Құдыс Нұргүлге интернеттен  шаштараз қызметінің  бағасын көрсететін прайс бет ұсындық. Шаштараз құралдарының суреттерін алды, Интернеттен шаш қию модаларымен, әдістерін алды. Сондай-ақ «Даму кз» сайтымен танысып несие алуға құжаттар жасауға көмектесіп, кітап көрмесінен бизнес жоспар туралы кітап ұсындық. Бизнес жоспарды сканерлеп бердік. Шаштараз цехын ашу жұмысына көмектестік.

Кәсіпкер Байтұманова Алуаға Интернеттен нан пісіретін пештердің бағасын көрсететін прайс бет ұсындық. Пештердің суреттерін алды, Интернеттен нан пісіру әдістерін алды. Сондай-ақ «http://www.damu.kz/» сайтымен танысып несие алуға құжаттар жасауға көмектесіп, кітап көрмесінен бизнес жоспар туралы кітап ұсындық. Бизнес жоспарды принтерден шығарып алды.

5 мектептің бастауыш сынып  мұғалімі  Байболова Гүлнәрға «Қазақстан сурет шеберлерінің шығармашылығы» туралы ақпараттар беріп, слайд жасауға көмектестік. Сондай-ақ аудандық семинар үшін,  Ә.Қастеев шығармашылығына байланысты ақпаратты облыстық Пушкин атындағы кітапханасынан электронды жеткізілім арқылы берілді. Жасалған слайдтар мен ақпараттарды флешкаға жүктеп алды.

Аудандық кітапханада өткен «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты әдеби музыкалық кешінен дайын слайдтар мен сценарилар алды. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың сайтынан Мұқағалидың өз даусымен оқыған өлеңдерін флешкаға салып алды. «Жыр семсер» кітап көрмесінен оқырмандар Мұқағалидың өлеңдерін алды.

Оқырман Жұпбаев Мұхтарбек авто бөлшек  туралы қазақша-орысша сөздік сұрап, облыстық Пушкин атындағы кітапханадан  электронды жеткізілімі арқылы алды.

Тарбағатай
Онлайн орталықтың  тұрақты  пайдаланушысы жұмыссыз Ережепов  Ербол  мемлеттік  қызметке өтуге  арналған онлайн  тесті  шешіп  дайындалып тесттен  өтіп  келді.  Физика пәнінен олемпияданың  бірінші  турына  қатысқан  Кенжегазин  Думан, Құрмашева Дария, Қасымова  Айдана, Мейірбекова Гүлдана  сертификат алды.
 
Теректі
Теректі бала бақшасының би үйретушісі Г. Мұратқызы онлайн ортлығына келіп, Word, Интернет курстарынан өтіп, Интернеттен Г.Оразымбетованың «Анашым» - өлеңін тауып, флешкаға көшіріп, «Cағындырған әндер-ай» концертінде ән айтты.

 

Зайсан
Қамту қызметкері  Жақыпбекова Нағима egov.kz порталына кіруді үйреніп, зейнетақы қорына жиналған салымын тексерді.
 

Күршім
Күршім ауданындағы №1 және №4 мектептерде өткен «Қиын балаларды тәрбиелеу» атты семинарға кітап қорынан және Интернеттен ақпараттар беріліп, кітапханашы Даутова семинарға қатысып, осы тақырыпта әдебиеттер мен Интернет ресурстарына шолу жасады.
 
 

Қарауыл
Мамиева Шынар 27- жаста жұмысыз. Мамандығы шет тілі мұғалімі. Шынар онлайн-ортлықтың  тұрақты пайдаланушысына айналып, Өзінің білімін жетілдіріп, түрлі треинигттарға қатысып, өз бетімен де әрі қарай да біліміммен тәжрибе жинап, конкрустан өтіп жұмысқа  орналасып, қосымша пәні бойынша үйірме ашыуға кірісіп жатыр.
 
Мұқыр
Онлайн-орталығы тренингтерінің қатысушысы Тұрғанбаев Нұржан интернеттен электр дәнекерлеу туралы бейнематериалдарды қарап, осы сала бойынша қызығушылық танытты. Электронды анықтамалық қызметі арқылы Семей қаласындағы  электр дәнекерлеу курстарының мекен-жайын алып, «Электр және газбен дәнекерлеу» курстарына жазылды.

Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінің  ұстаздары мен  жоғары сынып оқушылары  9-11 сыныптар арасында  математика және химия пәнінен өткізілетін топтық олимпиадаға қатысу үшін  www.cdo.rz сайтына кіріп тіркелді. Ендігі кезекте  3 наурыз  күні өтетін  олимпиаданың  1-ші турына  дайындалуда

Онлайн-орталығының қатысушысы Үрістемова Мөлдір, Интернет тренингтардан алған білімдерін пайдалана отырып өзіне эл.поштасын ашып алды. Ендігі кезекте сол поштаны пайдалана отырып  Yves-Rosher-kz.com сайтына  «Ив Роше» косметикалық фирмасының тауарларына тапсырыс беріп отырады.

 
Теректі
Теректі ауылының мал дәрігері Серікпай Ерназар Word программасын меңгеріп, өзі істеп жүрген жұмысына қажетті, керек құжаттарын жазып, шығарып алып жүр.

2013 жыл

Ақсуат

Комсомол-Ақсуат бағытында жолаушы тасымалдайтын автобустың жүргізушісі Әзімханов интернет қызметін пайдалануды  үйреніп, «Колёса» сайтындағы жарнамалар ішінен өзіне қажеттісін алып, соның нәтижесінде автобусын жаңартты.

Кәсіпкер Мусин Ерлан кітапхана қызметкерлерінің көмегімен электронды почта қызметін пайдаланып, АО «Аграрная кредитная корпорация»  мамандарымен байланысып. Келісім мен график бланкілерін алып, таныстым деп қол қойып, мөр басып, қайтадан электронды почта арқылы корпорацияға жіберді. Сол арқылы ол уақыты мен барып келгенге кететін ақшасын үнемдеді.

Көкжыра ауылының тұрғыны мұғалім Мамырбекова Гүлнұр интернетпен жұмыс жасауды меңгеріп, 1-ші Республикалық қашықтық олимпиадасына тарих пәні бойынша қатысып, Сертификат алды. Сонымен қатар оқушылары М.Әуезов атындағы орта мектептің 11- сыныбында оқитын  Қуандықов, Кәрібаев, Жанахметов, Тоқтарбеков, Асылбекова, Жолданова, Әбдешоваларды тарих пәні  бойынша оқушылар арасындағы  республикалық қашықтық олимпиадасына қатыстырды.

Жұмыссыз Құнафина Сәуле компьютерде Wopd-пен жұмыс істеуді меңгеріп, ExceI бағдарламасын үйренуге көшті.

Зейнеткер Хамзина Бисағи Интернетте жұмыс істеуді үйреніп,· немересіне тіл туралы шығарма жазуға қажетті деректер алып, соның нәтижесінде немересі жүлделі екінші орын алды.

Заманбекова Бақытжамал «Скайп» бағдарламасы арқылы хабарласуды үйреніп, қазіргі уақытта қаладағы балаларымен қарым-қатынас жасауда.

·Кәсіпкер Мұқанов Кәдірбекке грантқа қатысуы үшін түйіндеме жазып, оны БҰҰ даму бағдарламасының электрондық поштасына жіберуге көмектестік.

Аягөз

Жұмыссыз Биғалиева Қанипа интернетте жұмыс істеуді үйреніп, баласына тіл туралы өлеңдер алып, соның нәтижесінде немересі жүлделі орын алды.

Семинар барысында кәсіпкерліктің негізі туралы, бизнесті құру және тиімді жүргізу, бизнес жоспар үлгілері, несие алуға қажетті құжаттар бойынша мағлұматтар берілді. Нәтижесінде өз кәсібін жаңадан бастаған Күленов Асхат ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қорынан несие алуға құжаттарын рәсімдеп, нәтижелі несиесін алды.

Дулатов Ербол 60 жаста. Зейнеткер Интернетке кіруді үйреніп, өзінің сыныптастарын тауып алды, қазір олармен электрондық почта арқылы хабарласып тұрады.

Бесқарағай

Хореограф Овсянникова Галина орталықты тұрақты пайдалана отырып үнемі  ballroom.com , art – dance.kz , muzofon.com, dance-art-projest, Spirit dance би порталдарынан түрлі би қимылдарын  үйрене отырып,  өз жұмысында пайдаланып, нәтижесінде «Чародей» би тобы «Үлгілі-Образцовый» атағын және «Экситон» би тобы «Халықтық-Народный» атағын Семей қаласында 3 жылда бір рет өтетін  әділ қазылар алдында  қорғап келді.

Алеева Малика Онлайн орталықта Интернет жүйесімен жұмыс жасауды әрі жетілдіре отырып, түрлі қуыршақтар сайттары және  порталдарымен жұмыс жасауды үйренді. Нәтижесінде  babiki.ru  порталы арқылы тапсырыс беріп,  өзінің кішкентай қызы Анэляға Soy Tu Paola Raina «кукла твоей мечты» қуыршағын  Израилден алғызды.

№16 Кәсіптік техникалық колледждің  студенті Кененбаева Майгул ПК,  Word, Интернет тренингтерінен өтіп, өзіне қажетті материалдарды алып жүр.

Аудандық мешіттің бас имамы Құсайынов Дубек, орталықтағы эл. почта, Интернеттен ақпарат іздеу тренингтердің нәтижесінде облыстық және республикалық діни басқармасымен хат алысып, «Ислам нұры», «Ислам және өркениет», аудандық және облыстық басылымдарға өзінің мақалаларын жіберіп жүр.

Тренингтерге қатыса отырып, нәтижесінде "Электронная молодежная биржа труда" birzhatruda.kz сайтына түйіндемелерін жіберіп, Семей Мемлекеттік Медицина Университетінің түлегі Ансабаева ·Аяулым Алматы қаласында Түрсиб ауданындағы № 4 балалар ауруханасына, Ансабаев Нұржан Алматы электронды техника «Сулпак» дүкеніне менеджер жұмысына орналасты.·Мәдениет үйінің әншісі Мотышев Еркін Интернетті пайдалана отырып өзіне концерттік бағдарламаларға киетін киім үлгілерін алып, тіккізді.

Зайсан

Жергілікті абайтанушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Зайсан ауданының Құрметті азаматы  жазушы Қалибек Алтыбаев өзінің болашақ кітабына сөзжұмбақ құрастыруды үйренді.

Гагарин мектебінің оқушылары  Сләмбеков Әли мен Қабдырасылов Ерасыл  «Юнный техник» журналынан  сызба алып, сол бойынша  авиомодель фестивалінен  республика бойынша  ІІІ-орын алды. 

Канонерка

Имангулова Екатерина «Рынок: сущность слабые и сильные стороны» такырыбына реферат жазу үшін Word және Интернет бағдарламасын оӄыту курсын өтіп, нәтижесінде рефератын «жаксы» деген бағаға тапсырды.

Өткізілген кеңес беру жұмыстарының  нәтижесінде жұмыссыз отырған Токтарова Г.  зейнеткерлікке шығуға қажет құжатты WWW.NPF.KZ cайтынан шығарып алуға онлайн орталығы көмектесті.

Тігінші Журтубаева Ж. Интернет тренингтен өтіп, қазір құрақ көрпе түрлерін тігуге түрлі ою-өрнектерді Интернеттен өз бетімен шығарып алуда.

Көкпекті

Кұнанбаев Бакытбекке компьютерлік· сауаттылығын жетілдіріп сабақ жүргізілді нәтижесінде кәсіпкер компьютермен жұмыс істеуді үйренді.· Роза Шалбаева· өз дүкенін ашып, біздің орталық арқылы Интернет· магазиндеріне косметикалық тауарларға тапсырыс берді.

Аурухана қызметкері Бауедимова Разия Бахметовна алғашқы компьютерлік сауаттылық курсынан өтіп, ауруханаға келушілерді компьютерлік тіркеуге алады.

Күршім

Алғабас ауылынан келген кәсіпкерлерге өткізілген тренинг нәтижесінде Қалдешов Асылбек қымыз өндіретін цех ашып, бизнесін жүргізуге кеңес алды және несие алуға құжаттар жинауда.

Жұмыссыз Кәрімбаева Эльмира Word, Power Point бағдарламасы, Интернеттен ақпараттар іздеу, сканерлеу бойынша тренингтерден өтіп, нәтижесінде БТИ-ға жұмысқа орналасты.

Өткен аптада Құмаш Нұрғалиев атындағы мектеп оқушысы Оспанова Саяжан жергілікті ақын Хасен Закарияның шығармашылығы бойынша Интернеттен, мерзімді басылымдардан, ақынның электронды кітабынан үзінділер беріп, ғылыми жұмысына көмектескен едік. Аудандық «Менің өлкем» байқауынан 3 орын алып, облыстық байқауға жолдама алды. Қазіргі сәтте Саяжанға сол облыстық байқауға дайындалуға көмектесудеміз.

Музыка маманы Тасболатова Тілекке Word бағдарламасы, Интернеттен ақпараттар іздеу, Интернеттен  оқушыларға керекті әндер қотару  бойынша тренингтер өткіздік.  Күршім музыка мектебіне музыка пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты.

Кәсіпкер Нәбиолда Қонарбаев онлайн орталықтан Word бағдарламасы, интернеттен ақпараттар іздеу, электронды сандық қолтаңба алу, электронды пошта ашу бойынша тренингтерден өтіп, бизнес жоспар жасауға көмектестік. Жаңа технологияны меңгеру, жұмысына көп көмегі тиіп, кәсіпкерлігін дамытуда.

Жас әнші Мақпал Нүрпейісова жұмысына қажетті әндердің, минусовка, плюсовкаларын онлайн орталыққа келіп, Интернеттен жүктеп алады. Әншінің халыққа ұнаған,таспаға жазылған әндерін youtube сайтына қостық. Репертуары талғамға сай болғандықтан, «Жас өнерпаз» конкурсы номинациясының жеңімпазы дипломымен, тамыз айында Күршім аудандық Құрмет грамотасымен марапатталды. Хор ұйымдастыруы үшін қажетті әндердің нотасын, әннің мәтінін, Интернеттен әуендерін тауып бердік. Нәтижесінде жақсы дирижерлық жұмысы үшін 2535 әскери бөлімінің· Мадақтамасымен марапатталды. Ұстаздар және қарттар күніне орай қажетті әндерді· мәтіні, нотасымен ұсындық.· Хорға қажетті бірнеше әндерді тауып бердік.

Жұмыссыз Башева Раушан онлайн орталықта Word бағдарламасы мен Маil.ru Агент бойынша тренингтен өтіп, нәтижесінде ГЦВП-ға жұмысқа орналасты.

Жұмыссыз Урумбаев Ермек онлайн орталықта Word бағдарламасы бойынша тренингтен өтіп, қонақ үйге жұмысқа орналасты.

Кәсіпкер Мұқанов Кәдірбекке грантқа қатысуы үшін түйіндеме жазып бердік және БҰҰ даму бағдарламасы емайлына жібердік.

Ағылшын тілін білмейтін оқырманымыз Роза Кенжехановаға, ағылшын тілінде келген хаттарын google.kz  сайтының аудармашысы арқылы аударуды үйреттік.

Жұмыссыз Уралова Фарида электронды сандық қолтаңба алу, интернеттен ақпараттар іздеу, электронды пошта ашу бойынша тренингтерден өтіп, нәтижесінде ішкі саясат бөліміне маман болып орналасты.

Жұмыссыз Нұржанова Қазима онлайн орталықтан жаңа технология бойынша сауатын ашып, нәтижесінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөліміне маман болып жұмысқа шықты.

Қайнар
Қайнар ауылы емханасының операторы Е. Смағулов Онлайн орталық арқылы өз ауылының тұрғындарын «Денсаулық сақтау» онлайн порталына тіркеді.

Ауылымыздың медбикесі Ахметова Г. екі апта бойы онлайн орталығына келіп электронды поштамен жұмыс жасауды үйреніп, енді емхана бірлестігінің есеп жұмыстарын электронды поштасы арқылы Семейге жіберіп отырады.

ҚР денсаулық сақтау саласына бірыңғай ақпараттандыру жүйесі арқылы емхана бірлестігінен дәрігер А.Шахантаева орталығымызға келіп порталға науқастарды тіркеп, тез арада қалалық, обылыстық емханалардан ем алуға жатқызады және де есеп жұмыстарын санаулы минуттарда беріп отырады. Осы жұмыстары арқылы Онлайн орталығына ризашылықтарын білдіреді.

Емхана бірлестігінің терапевт дәрігері Исаханова С. ИСЛО-/Информационная система   лекарственным обеспечением/ сайты арқылы Семейге бармай-ақ Онлайн орталығына келіп диспансерлік есепте тұрған Қабрахманова О., Сағындыкова М. т.б адамдарға тегін бөлінетін дәрінің рецептерін алдырып отыр.

Қайнар ауылының тұрғыны, жас ана Лаура Шакерманова онлайн орталығына келіп «Уют в доме» сайты арқылы өзін қызықтырған барлық мәліметтерді алып, қазіргі заман талабына сай, үйінің ішкі жөндеу жұмыстырын жасады.
 

Қаратал
Өткен жолы  Қаратал  мектебінің  оқушысы  Болатбекова  Құндыз  «Алтын  адам» атты   мектепаралық  ғылыми жобадан  1-ші  орын  алған. Жобасы облыста қорғалып 2-ші орын алды.
 
Қарауыл
Кожекенова Арай. 23-жаста. Біздің онлайн орталығының тұрақты пайдаланушысы. Жұмысқа орналасу үшін түйіндемесін әр жерге ғаламтор арқылы жіберді.
Нүрпейсіва Нағима 59-жаста зейнеткер.Онлайн орталығына келіп үнемі тренигтерге қатысып  жүріп.Word үйреніп және скайппен алыстағы қызымен байланусыды үйренді

Ахмерова Мейіргүл 33-жаста мұғалім, Үнемі онлайн орталығына келіп, Ашық сабақтар тақырыбын алуда және сондай ақ Батырбаева Сая 31-жаста мұғалім, Орта жүз тарихын қарап интернетен көшіріп Wordқа қалай көшіретін  жолын көріп алып, Келесі тақырыптарын үйреніп алып өзі ашық сабағына дайындалды.

Акішбаев Қарлығаш. 52-жаста жұмыссыз онлайн-орталықтың  тұрақты пайдаланушысы. Жұмыспен қамту -2020 бағдарламасы арқылы 3мл кредит алып Шағын наубайхана ашуға кірісті.

Нартова Қарлығаш 45-жаста. Қарауыл, Абай ауд.  ОКЖ онлайн-орталығының тұрақты пайдаланушысы. Тренигттерге қатысып, нәтижесінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша  кредит  алып, оған 14-бұзаулы  сиыр сатып алды. Бүгінде «Әбділда» ШҚ  өркендетіп, сүт  өнімдернен пайда табуда.

Толымбекқызы Назгүл 20-жаста. Онлайн орталыққа келіп тренингтерге қатысып өзінің бойындағы би өнерін дамытуда. Ол үшін Интернеттен би өнеріне байланысты көптеген мағлұматтар алды. Оқу бітірген соң би үйірмесін ашуға құжаттар жинап жүр.

Теректі
Оқу ісінің үздігі  ардагер ұстаз, зейнеткер, осы кітапхананың белсенді оқырманы Садықова Мәрзия Садыққызы  онлайн орталығындағы Интернетті пайдаланып скайпқа шығып шәкірттерімен сөйлесті. Мәрзия апайдың онлайн орталығына деген алғысы шексіз.

Теректі ауылдық бала бақшасының тәрбиешісі Бельдеубаева Гульмира Интернет-тренингтен өтіп, қазіргі уақытта  бейне порталдың көмегімен жаңа би түрлерін  бүлдіршіндерге үйретіп  сахнаға шығарды.

Теректі Мәдениет үйінің әншісі Енсебаева Гуля Word бағдарламасын  меңгеріп, әдемі открыткалар жасап үйренуінің нәтижесінде жұмысына қажетті «Гүлдер әлеміне саяхат» атты сайысқа шақыру билеттерін өз бетімен жасап, шығарып алды.

 

Зайсан

Өткен жолы  М. Әуезов  атындағы  орта  мектептің  оқушысы  Русланқызы  Ақерке   «Ешкі  сүтінің  шипалық  қасиеті»  атты   ғылыми  жобадан мектепте 1-ші орын  алса, осы жолы аудан бойынша  1-орын алып,  облысқа жолдама алды.  Зейнеткер 77 жастағы  Камарья Ахметжанова скайппен сөйлесуді үйреніп, Павлодар қаласындағы балаларымен жүздесті.
 

А
қжар
Шонқыбаева  Бақытжамал Қыдырбекқызы Интернетпен жұмыс істеуді меңгерді және маусым айындағы коммуналдық төлемдерді атап айтсақ, «Қазақтелеком» мен «Шығысэнерготрейдке» жеке тұлғаларға арналған «Интернет-Банкинг» қызметіне онлайн орталықтан ақша аударды.
Байжұма Айтмұхан  өзіне  е-майл  ашып Облыс әкімі аппаратына және «Дидар»  газетіне сұрақтарын  жіберді.
Ақжар ауылдық  кітапханасындағы онлайн орталыққа келіп өзінің компьютерлік білімін жетілдірген жұмыссыз екі ауыл тұрғыны қазіргі таңда өз бизнестерін ашып отыр. Оларға бизнес жоспар жасауға  қажетті материалдарды Интернеттен алуға орталықтың мамандары көмектесті.

Бесқарағай
Би мұғалімі Овсянникова Галина Интернет тренингтен өтіп, қазіргі уақытта бейне порталдың көмегімен балаларға жаңа би түрлерін үйретуде.
Зейнеткерлер С.В.Южакова мен Н.Аргумбаева «Скайп» бағдарламасын меңгеріп, қазір ТМД еліндегі туыстарымен қарым-қатынас жасауда.
Д. Карымжанова «PowerPoint» бағдарламасын меңгеріп, алған білімін өз жұмысында пайдалануда.

Үлкен Нарын
Өткізілген кеңес беру жұмыстарының нәтижесінде 1 бизнес-жоспар жасалды. Ол: Катонқарағай ауылында жаңа қонақ үй ашу үшін 40 млн. сомаға инвестиция тарту. Бизнестің мақсаты: табыс алу үшін Катонқарағай ауданында қымбат емес қонақ үй ашу.

Выдриха
«Ауыл кәсіпкерлігін дамыту» бағдарламасы аясында және онлайн орталықтың көмегімен ауыл тұрғындары: Р. В. Швенке мен Е.А. Быков мал шаруашылығына несие рәсімдеуде.

Глубокое
Ақпараттық семинарға 78 адам қатысты. Олар – кәсіпкерлер, жұмыссыз жастар, мен мүгедектер. Нәтижесі:
- адрестік анықтама – 2
-ЭСҚ (Электронды сандық қолтаңба) – 1
- баланы балабақшаға кезекке тұрғызу – 1
- салықтық қарызды көру – 2
Жүргізілген тренингтер нәтижесінде 2 жұмыссыз Өскемен қаласына жұмысқа орналасты. А. Шевченконың «Шахтное оборудование ПРН и ВРН» тақырыбында пайдаланған материалы аттестацияны сәтті өтуге септігін тигізді.

Жарма
Жарма технологиялық колледжінің студенті Ж. Буланова курстар барысында Интернетті игеріп, енді күнделікті қосымша материал алуда пайдалануда.
Жарма онлайн орталығында мамыр айынан бастап 16 адам білім алған. Тренинг тақырыптары: ДК негіздері, Word, IT. Өткізілген тренингтер нәтижесінде 6 адам жұмысқа орналасқан -  Ахмеденова А., Аргимбекова С., Рустемова С.,Шалабаева Г., Садавакасова Н., Мажикенов Б. 
Қалбатау ауылында шағын полиграфия ашылды. Оның қожайыны – Садуов Халел мырза. Ол онлайн орталықтың көмегімен «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 3 млн. сомаға несие рәсемдеп, жабдықтар сатып алып, қазіргі кезде ішкі және сыртқы жарнама баннерлеріне тапсырыстар қабылдауда.

Зайсан
Серик Жансағатов  өз  шаруашылығын бастауға ақпараттар алды. Риза Жадикова  Интернетте жұмыс істеуде үйреніп  баласына  курстық жұмыстарына қажетті  деректерді  алды. Б.Сейтбақов Интернетті пайдалануды үйреніп, электрондық тақтаға машинасын сатуға жарнамасын қойды.

Зыряновск
Шуманова Жанна, 21 жаста, «Интернет арқылы қалай жұмыс табуға болады» тренингіне қатысты. Тренинг барысында өз түйіндемесін жіберді. Қазіргі уақытта «Лилия» дүкенінде кеңесші болып жұмыс істеуде.
Солдатов Игорь, 22 жаста, «Интернет арқылы қалай жұмыс табуға болады» тренингіне қатысып, сауда өкілі болып жұмыс істеуде.
Никушина Валентина Вадимовна, зейнеткер, 62 жаста. Орталық қалалық кітапхананың сауаттылық курстарына қатысып, компьютерде жұмыс істеуді игеріп, қызымен скайп арқылы байланысқа шығуда.  7 пайдаланушы электронды сандық қолтаңба алды.
17 қыркүйекте Зырян қаласының Орталық қалалық кітапханасында «Өңірлік жоспарлауға жаңа тәсілдерді енгізу және тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсету арқылы аймақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» БҰҰ бірлескен бағдарламасы аясында бизнес-идея жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Барлығы 18 жұмыс ұсынылды. Қатысушылардың міндеті - өз жобасын ұсынып, қандай көмек қажет екенін көрсету. Іс-шара қорытындысы бойынша жоғары бағаланған 11 бизнес-идея аталып өтілді. Жәрмеңкенің барлық қатысушылары іс-шараның дәстүрден тыс қызықты үлгісін, позитивті атмосферасын атап өтіп, ары қарайғы өзара қызығушылықты нығайтуға сенім білдірді.

Күршім
Дүсіпов Кұматай Интернетпен жұмыс істеуді үйреніп,  натижесінде Электронды сандық қолтаңба  алды және «Береке» қоғамдық қорынан 2 млн. теңге несие алып, ірі қара мал сатып алып, «Дәурен» шаруа қожалығын ашты. Қол астында 2 кісі жұмыс істейді.
Қозыбаев Бағай тренингтен соң 2 айдан кейін «Даму 2020» бағдарламасы бойынша несие алып ағаш кесу цехын ашты. Қол астында 2 адам жұмыс істейді.
Муханова  Кулзикен ханымға несие алу және грант алу туралы ақпараттар мен құжатты толтыру туралы  үлгілер  берілді. Ол 1 айдан кейін «Муханов» ЖК наубайханасын өз атына рәсімдеп, кәсіпкерлікті бастады.
Жұмыссыз Ожикенова Қарлығаш шағын бизнеске байланысты веб-сайттармен танысу  тренингі нәтижесінде грант алып, тәтті тағамдар цехын ашпақшы. Казіргі сәтте бизнес жоспар жасап, құжаттарын өткізді.
 
Қайнар
Мектептің оқушылары сабақтарына қажетті  мағлұматтарды, мәтіндерді осы Интернет аркылы өз қажеттеріне жаратып отыр.
Мәдениет үйінің әртістері осы Интернет арқылы өздеріне қажетті сахналық киімдердің үлгілерін алып, өздеріне ұнаған үлгі бойынша киімдерге тапсырыс беріп  отыр.

Қараул
Мақтаев Мұрат онлайн орталыққа  келіп  веб-сайттармен  танысу  тренингі  нәтижесінде  арзан бағада құрылыс жабдықтарына Интернеттен тапсырыс беріп, құрылыс  жабдықтарын  алып 2-қабатты  үй салып  жатыр.
Жұмыссыз  азамат  Смиев  Сәбит  онлайн орталыққа  келіп,  тренингтерге  қатысып  веб-сайттармен,  кітаптармен  танысып  нәтижесінде  «Жұмыспен  қамту-2020»  бағдарламасы  арқылы  мал  алып  өсіріп  жұмысын  жандандыруда.

Самарка
Сәтті оқиғалар: 15 сәуірден бизнес орталық аясында компьютерлік сауаттылыққа оқытудың 4 тобы ашылды. Олардың қатарында: жұмыссыздар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғыз басты зейнеткерлер, start-up тобы болды. Курс аяқталған соң психоневрология бойынша мүгедек үш адам: Свинарчук Виктор (1991 ж.), Редькин Павел (1988 ж.), Салимжанов Төлеухан (1993 ж.) жұмысқа орналасты.

Шемонаиха
Біздің онлайн орталықтың сәтті оқиғаларының бірі – жеке кәсіпкер,  «ШемКирпичь» ЖШК директоры - Старостин Виктормен атқарылған жұмыстар. Онлайн орталықтың көмегімен, өз бизнес-жоспары болса да, шетел істері министрі Е.А.Идрисовқа өз жобасын қолдау мақсатында хабарласты. Сондай-ақ, «Жасыл экономикамен» байланысты бизнес-жобаны несиелеуге байланысты құжаттар рәсімдеудеміз.

Таврия
Петрова Мария диплом жұмысын жазу үшін EXCEL бағдарламасын оқыту курсын тәмамдады. Нәтижесінде диплом жұмысын «өте жақсы» деген бағаға қорғап шықты. Гельмутдинова Вера Алексеевна ДК және Microsoft Word  бағдарламаларын меңгерді, нәтижесінде өз кәсіби біліктілігін арттырып, жұмыс орнын сақтап қалды. Қазіргі кезде әлі де курстарды жалғастыруда.
Мәдениет үйі ғимаратында «Исцеление» қоғамдық бірлестігі орналасқан, олармен жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде. Апта сайын жаңа технологияның көмегімен танымдық іс-шаралар өтеді. Күнделікті балалар үшін 30 минут дамыту фильмдері ұсынылады.

Шығыс
21.06.13 Шығыс ауылы тұрғыны Шестаев Ермек «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша, онлайн орталыққа· жастардың электрондық еңбек биржасы сайтынан ақпарат алды. Қазіргі кезде жұмысқа орналастырылды.
26.06.13 Шығыс ауылы тұрғыны Сәлімбаба Алтынбек онлайн орталыққа, шағын қымызхана ашуға, банктерден пайызсыз несие алу туралы онлайн орталық қызметкерлерімен скайп арқылы Пушкин кітапханасы және бизнес көмекшісінен қашықтықта ақпарат алды.
27.06.13 Шығыс ауылы тұрғыны Еркін Тұяқ, онлайн орталықтан еңбек заңы сайтынан Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы мәлімет алды.
28.06.13 Шығыс ауылы тұрғыны  Арман Азамат онлайн орталыққа, шағын бизнес ашуға, банктерден пайызсыз несие алу туралы Өскемен қаласының Орджоникидзе, 2 мекен жайы бойынша Даму қоры бөлімшесіне ақпарат алды.
 
Ақжар
Екі жұмыссыз кәсіпкерлікке тіркеліп, өз бизнестерін ашу үшін кредит алуға өтініш беріп, документтерін өткізді.
Жетіарал ауылдық  округінің тұрғыны Берстенов Қанат құс шаруашылығымен айналысу үшін  кредит алуға өтініш берді. Біздің тарапымыздан құс шаруашылығымен айналысып отырған, Повлодар, Атырау, Шымкент  өз облысымыздағы құс фабрикаларының  жұмыстары,  құстардың азықтары оларды күтіп бағуға қажетті кеңестер туралы материалдар, бизнес жоспардың үлгілерін тауып беріп көмектестік.
Екінші жұмыссыз Бекежанова Назира  кредит алып саудамен айналыспақшы.

Зайсан
 М. Әуезов  атындағы  орта  мектептің  оқушысы    Русланқызы  Ақерке   «Ешкі  сүтінің  шипалық  қасиеті»  атты   ғылыми  жобадан   1-ші  орын  алды. 

Күршім
Тренинг нәтижесінде 1 жұмыссыз веб сайттармен, кітаптармен танысып, несие алатын болды. Ол балық өнімдерін сатумен шұғылданбақ. БТИ қызметкерлері құжаттардың электронды түрін жасауда, соған байланысты сканерлеуді үйреттік. 2 маман тренингте болды. Нәтижесінде еңбек өнімділігі артты. 2 студент Интернеттен ақпарат іздеу, сканерлеу жұмыстарын үйренуде. Олар 1 ай бойы кітапханада тренинг өткізбек. Келесі аптада веб-сайттармен таныстыру,  Интернеттен ақпараттар іздеу, ЭЦҚ алу, электронды почта ашу бойынша 2 тренинг өтеді.

 

Жұмыссыз Құрмет Ерханов, тренингте Е-gov.kz – электронды үкімет порталымен жұмыс істеуге үйренді. Жол ережесін бұзу жөніндегі айыппұлды Интернет арқылы қалай төлеуге болатынын оқыттық. Жалпы жаңа технологияны меңгеру үшін тренингтерге жиі қатысып жүрді. Нәтижесінде Өскемен қаласына МАИ жұмысына орналасуға кетті.
Каникул кездерінде тренингтерге жиі қатысқан студенттер, Арай Манапова мен Сая Ақанова кітапханада сенбі-жексенбі күндері тренинг жүргізуде. (Күршімде іс-тәжірибелерін өтушілер).


Жұмыссыз Әлімбетова Динара  тренингте Excel бағдарламасында жұмыс істеуді, эл. пошта жәшігін ашу, Интернетте ақпарат іздеуді  үйреніп, веб-сайттармен танысты, нәтижесінде Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне есепші жұмысына орналасты.

Шығыс ауылы

Шығыс ауылы тұрғыны Дәулет Гүлнар онлайн орталықтан орыс тілінен дәріс беретін оқыту курсы туралы кеңес алды.

Онлайн орталықта, Шығыс ауылы тұрғыны Үсенов Ернар бірнеше бизнес жобамен танысты. Бүгінде ол өз кәсібін ашуды және қалай дамытуды жоспарлап жүрген азамат.

Шығыс ауылы тұрғыны Ботакөз Мұса өз кәсібін дамыту және көркейту үшін онлайн орталыққа жиі келіп, Интернет желісінен қажетті мәліметтер алып соны іске асырады. Біздің негізгі мақсат кәсіпкерлерге ең қажетті ақпараттарды алуға көмек беру Ботакөздің кәсібі шаштараз, ол көптеген сән шаш үлгілерін сайттардан қарап сол сияқты жасайды.

Зайсан
Семей Мемлекеттік Медициналық Университетінің "Қоғамдық денсаулық сақтау" бөлімінің 2013 жылғы түлегі Қасбаева Айдана Асқарқызы "Headhunter" сайты арқылы қызметке орналасты Өскемен қ, гигиенист дәрігер болып.

Мақаншы
Семинар барысында кәсіпкерліктің негізі туралы, бизнесті құру және тиімді жүргізу, бизнес жоспар үлгілері, несие алуға қажетті құжаттар бойынша мағұлматтар берілді. Нәтижесінде өз кәсібін жаңадан бастаған Құлсұлтанова Анар ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қорынан  несие алуға құжаттарын рәсімдеп, нәтижелі несиесін алды.

Теректі
Жұмыссыз Хатитулина Әдия веб-сайттарымен танысу, бизнес жоспар жасау тренингі нәтижесінде, грант алуға құжаттар дайындап жатыр, наубайхана ашпақшы.

Үржар
Онлайн орталығында 29 адам семинарға қатысу арқылы кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру ҚР-да бизнесті тиімді жүргізу мәселелеріне қатысты ақпарат алды. Бұған қоса, өз ісін бастағалы жүрген азаматтар мен шағын және орта бизнес өкілдерінің арасынан 5 адамға кәсіпкерлікті жүзеге асыру сұрақтары бойынша кеңестер беріліп, нәтижесінде, Абдрахманова Рауия өзінің жеке кәсіпкерлігін бастап, шағын азық-түлік дүкенін ашып алды.

Қайнар
1апта бойы скайп бағдарламасымен жұмыс істеуді үйреніп, Қараханова Мадина Нұрланқызы скайп арқылы өзінің Астанадағы ата-анасымен хабарласып тұрады.

Қарауыл

Жұмыссыз 35 жастағы Құрманғазина Жанар Онлайн орталыққа келіп Word-пен жұмыс жасауды үреніп келеді, клавиатурамен жұмыс  жасауды үреніп, өзінің өмірбаяның жазды.

Қылышбекова Амангүл 60 жаста. Зейнеткер. Интернетке кіруді үреніп, өзінің сыныптастарын тауып алды, электрондық почта арқылы хабарласты.

​ 

БАҚ біз туралы

 
Желтоқсан
Теректі
 
Қараша
Аягөз
Ақсуат
Қайнар
Шемонаиха
Шілде
Күршім
  
Маусым
Бесқарағай
 
Мамыр
Зайсан
 
Ұлан
 
Сәуір
Зайсан 
 
 
Сәуір
Семей
Үржар
Наурыз
Бородулиха
Көкпекті
 
 

Тарбағатай

Ақпан
Ақжар

Қазақ поэзиясының Хантәңірі // Тарбағатай, №17. - 2014 жыл. - 20 ақпан. - Б 3

Ақсуат

Дүйсекенова М.  Адами құндылықтардың  алға  шыққаны қуантады//«Тарбағатай» газеті, 6 ақпан. - №14. - 2014 жыл. - б.3

Садуақасова А . Аудандық кітапханада «Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтерейік!» атты әңгіме-сұхбат өткізілді// «Тарбағатай» газеті, 27 ақпан. - №19-20. -2014 жыл. - Б.5

Садақасова А.  Ағылшын тілі орталығы ашылды// «Тарбағатай» газеті, 27 ақпан. - №19-20. - 2014 жыл. - Б.6

Садуақасова А. Арадагерлермен кездесу // Тарбағатай. - 24 ақпан. - №18. - 2014 жыл. - Б. 3

Ауыл балалары ағылшын тілін үйреніп жүр // Дидар. - № 17. - 2014 жыл. - Б. 26

Глубокое

Зәкиқызы, Б. Кітап - білім бұлағы// Ақ бұлақ. - 2014. - 17қаңтар., №4. - б. 2.

Семей

Шүлбідегі шара жолдауға арналды. - Семей таңы.-2014.- 14 қантар.-№3

 
 
Қаңтар
Қазан

Аягөз

С. Сағындық қызы. Аягөздегі  шағын кәсіпкерлік // Аягөр жаналықтары, 09 қазан 2013 

Шар


Қыркүйек
Абай

Ақжар

Глубокое

22 қыркүйекте Глубокое кентіндегі онлайн орталықта "24.kz" телеарнасының тілшілері болып қайтты. Түсірілім репортажы.

Зайсан

Қасымқызы Г. Кісіпкерлікке бетбұрыс // Достық. - №72. – 14 қыркүйек. – 2013 жыл

Күршім

Даутова Г. Ауыл тұрғындарын ақпараттық қолдау онлайн орталығында // Рауан. - 20 қыркүйек. - 2013- Б. 4

Тарбағатай
Рахатова Б. Ақжарда "Онлайн орталығы" ашылды // Тарбағатай. - 2013. - № 75. - 9 қыркүйек. - Б.1


Тамыз

Көкпекті
Мүлікова Б. Оқимыз .Көреміз. Тыңдаймыз// Жұлдыз. - 2013. - 4 тамыз. - 62. - Б. 8

Шар

Ақпараттық кітапхана баршаға //Шар тынысы. - 2013. - 23 тамыз. - Б. 3


Шілде
Ақсуат

Кітапхана - ақпараттық орталық // Семей таңы. -16 шілде. - № 57. - Б. 5

 

Глубокое

Зайсан

Тарбағатай
Біріккен Ұлттар ұйымының даму бағдарламасы  // Тарбағатай. - 2013. - 25 шілде. - Б. 4

Теректі

Үржар
 


Маусым

Ақсуат

Мүмкіндік қарастырылған // Тарбағатай. -13 маусым. -  №51. – 2 бет

Бесқарағай


Бородулиха
·Жарма

Зайсан
Көкпекті

Касымова С. Оқырмандар ақпараттық технологияны игеруде// Жұлдыз.-2013.-2013.-9 маусым.-№467-4 б

Шар

 Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану// Шар тынысы. - 2013. - 21 маусым. - Б. 2

Шемонаиха

Аудандар мен қалаларда онлайн-орталықтар ашылды [Шығыс ауылында қалалар мен аудандардағы жастар орталықтары директорлары, жастар ұйымдары жетекшілері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен кітапханалар өкілдері бас қосты] // Шемонаиха тынысы. - 2013. - 26 маусым. - Б. 3. 

Сәуір

Ақсуат

Орталық кітапханада онлайн орталық құрылды // Тарбағатай газеті. -15 сәуір. - № 34. –Б .1

Күршім

Даутова Г. Аудандық кітапхана-ақпараттар орталығы // Рауан.-26 сәуір. – 2013 – Б. 2​ 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26050698
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102