homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Шілде

2 шілде
Кеңестер Одағы КП Орталық комитеті  “Қарағанды облыстық комитеті мен Лениногор қалалық комитетінің XVIII  бүкілодақтық партия конференциясында...
Кеңестер Одағы КП Орталық комитеті  “Қарағанды облыстық комитеті мен Лениногор қалалық комитетінің XVIII  бүкілодақтық партия конференциясында  қабылданған  “Өнеркәсіп пен транспорт саласындағы партия ұйымдарының міндеті” шешімдерін жүзеге асыру туралы шешім қабылдады.

Еңбекшілер депутаттары Өскемен атқару комитетінің Кеңесі  “Әуе шабуылы кезінде және әуе шабуылына қарсы   қала халқын сақтануға  әзірлеудегі халықтың тәртіп ережелері  мен әкімшіліктің міндеттері”  деген №6 міндетті шешім қабылдады.

Бұқтырма ауданы Никольск МТС  жұмысшыларының  жиналысында белгілі комбайыншы, комсомол Иван Демьяненкоға 2000 рубль мен Бүкілодақтық Ауылшаруашылығы көрмесінің Кіші Алтын Медалі табыс етілді. Ол жылдан жылға комбайнмен  өнім жинаудың  өнімділігін арттырды. 1941 ж. 200 мың гектардың өнімін жинап, үш комбайыншы дайындауды міндетіне алды.

3 шілде
Семей облыстық тарихи- өлкетану мұражайында “Отан үшін, Сталин үшін - алға!” көрмесі ашылды.

8 шілде
Аягөз ауданының тракторшы қыздары облыстың барлық қыз-келіншектеріне майданға аттанған әкелері мен ағаларының орнына еңбек етуге шықырды.

13 шілде 
Лениногорлық комсомолдар металл қалдықтарын жинауға шығып, барлығы 1530 т. металл  жинады. Ал Зырянда – 300 т., Самарда 23 т. метал сынықтары жиналды.

16 шілде
Семей қалалық партия  активінің  жиналысы өтіп, онда соғыс жағдайындағы қалалық партия ұйымының міндеттері қарастырылды. 

18 шілде
Еңбекшілер Депутаттары Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитеті “ Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларында тұрғын- үй  көлемін пайдалану шаралары  туралы” шешім қабылдады. Көшіріліп әкелінген тұрғын үйге зәру  халықты орналастыру үшін, бір адамға 5 кв. м. көлемінде санитарлық  тұрғын үй алаңы белгіленді.

Өскемен қалалық Осоавиахим Кеңесі мен қалалық БЛКЖО ұйымы әскери-тактикалық оқу-жаттығулар жүргізді. Тақырыбы -  марш және әуе десантын қоршау. Оған бірнеше мың адам қатысты.

23 шілде
Өскемен қаласында Қазақ Мемлекеттік Т.Г. Шевченко атындағы  көркем галереясының  көшпелі көрмесі ашылды. Көрме екі бөлімнен тұрады: XVIII – XX ғ. басындағы орыстың реалистік бейнелеу өнері және Қазақстан суретшілерінің қазіргі бейнелеу өнері.

30 шілде
Семей облысы Үржар ауданының “Красные горные орлы” артелінің колхозшылары Қазақстанның барлық колхозшыларын Ұлы Сталин вахтасына тұруға шақырып, үндеу тастады: жоспарды артығымен орындап, егіс даласындағы жұмыстарды қысқа мерзімде аяқтауға, мемлекетке қосымша ауылшаруашылық өнімдерін сату үшін жалпы патриоттық қозғалысты жандандыруға шақырды.

Шілде
Семей Осоавиахим ұйымы қала ұжымдары арасында  белсенді жұмыстар жүргізді. Олар әскери білімді , техниканы, жаңа әскери мамандықтарды тез меңгерді.

Өскемен қаласында Қызыл Крест қоғамы облыстық комитетінің ұйымдастыруымен запастағы медбикелерді дайындаудың екі айлық курстары ашылды.

​ 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26338783
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102