Отбасым – алтын ұям
Елін сүйер сеніңіз, Өз отбасын сүйе алған.
Қ. Аманжолов
А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін Отбасы күніне орай «Отбасым – алтын ұям» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Отбасы – адамзат баласы шыр етіп дүние есігін ашқанда қарсы алатын жылы ұясы. Белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы.
«Ақын. Ғалым. Патриот»: Дүкен Мәсімханұлымен кездесу
2022 жылдың 8 қыркүйек күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен қытайтанушы-ғалым, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының, Дүниежүзі синологтар қоғамының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Дүкен Мәсімханұлымен кездесу өтті.
Толығырақ...«Мұхтар Әуезов шығармалары суретшілер көзімен» шығармашылық байқаудың қорытындысы
28 қыркүйек күні сағ 11.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Мұхтар Әуезов шығармалары суретшілер көзімен» атты облыстық шығармашылық байқаудың қорытындысы өтеді.
Толығырақ...«Тіл – достықтың кілті,ынтымақтастықтың бастауы»
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні. Осы атаулы мерекеге орай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы» атты кітап көрмесін ұсынады.
Толығырақ...«Сүмбіленің сағымы» кітабының тұсаукесері
21 маусым күні сағ 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Әкімбаев Елжан Сейтенұлының «Сүмбіленің сағымы» кітабының тұсаукесері өтеді.
Толығырақ...Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 25632492
![]() |
![]() |
![]() |
![]() Қазақстан к. 102 |