«Сүмбіленің сағымы» кітабының тұсаукесері
21 маусым күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Әкімбаев Елжан Сейтенұлының «Сүмбіленің сағымы» кітабының тұсаукесері өтті.
Толығырақ...Француз көктемі кітапханада
Көктем - ерекше ай. Табиғат пен тіршілік жаңарып, күн шуағына бөленетін шақ. Бұл кезде көктемнің жұпар иісін бойына жинаған әуендер мен түрлі-түсті бояулар әлемі еске түседі. Жарқын сәт күтетін мезет... Сондықтан да, дәл осы шуақты көктем айында Қазақстандағы Франция Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық (SCAC) бөлімі және Француз Альянсының қолдауымен жыл сайынғы Франкофондар фестивалі өтеді. Бұл мереке – әлемнің ең бір тамаша мекені Франция елінің құрметіне арналған.
Толығырақ...«Сырбаз жыр, сырлы өлең» ақын Мұратхан Шоқанмен кездесу
25 маусым күні А.С. Пушкин атындағы кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұратхан Шоқанмен кездесу өтті.
2001 жылы туған еліне оралып, «Маған көктем сыйлашы», «Жүрекке жүгіну», «Тазалыққа ұмтылу» сияқты жыр кітаптары арқылы оқырманның сүйіспеншілігіне бөленген ақын Мұратхан Шоқан өзіндік орны, қолтаңбасы, оқырманы бар қазіргі қазақ поэзиясының жарқын өкілі.
Мұратхан Шоқан 1974 жылдың 25 ақпанында ҚХР ШҰАР Тарбағатай аймағы Толы ауданы, Ақбелдеу ауылында дүниеге келген.
1994-1996 жылдары Шыңжаң университетін қазақ әдебиеті мамандығы бойынша білім алған. 1997-1998 жылдары туған ауылында мұғалім, (1998-2001) жылдары Толы аудандық мәдениет мекемесінде қызмет еткен. 2001 жылы Қазақстанға оралды.
Мұратхан Шоқан - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Жиырманың жалыны», «Маған көктем сыйлашы», «Жүрекке жүгіну», «Тазалыққа ұмтылу», қатарлы жыр кітаптарының, «Жаратылыснама» атты философиялық кітаптың авторы. Жырлары ҚХР Бейжің ұлттық баспасынан шыққан «XX ғасыр әдебиет қамбасы» атты томға енгізілді. «Әлем бесік жырлары» атты ән альбомды қазақшаға аударды. «Тәуелсіздік жемісі», «Қытайдағы қазақ кәсіпкерлері» атты кітаптардың идеясының авторы әрі құрастырушысы.
Елге келгелі 2003 жылы «Қазақ әдебиеті», Жас қазақ» газетінде, «Жазушы» баспасында қызмет етті. Қазіргі таңда «Тұлға-Достық» қорының төрағасы.
Байланыс тел.: 26-13-33 (119)
Толығырақ...Бала жанды қаламгер
24 желтоқсан 2021 ж. сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы кітапханада жерлесіміз, «Жоғалған ұйқы» кітабының авторы, филолог, ұстаз, аудармашы, ақын, балалар жазушысы Нұғыманова Кәмшат Әбілғазықызымен кездесу өтеді.
Толығырақ...Ардақты арулар!
Сіздерді шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі - 8 наурыз - алықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік,мол табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілейміз!
5 наурыз - кітапхана 17:00-ге дейін жұмыс істейді
6, 7, 8 наурыз - мерекелік, демалыс күндері кітапхана жұмыс істемейді
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26043220
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы