«Студенттер арасында ЖЖБИ, оның ішінде АИТВ -ның алдын алу» онлайн дәріс
23 қазанда, сағат 11: 00 -де А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы мен «Шығыс» алдын алу медициналық орталығының ұйымдастыруымен «Студенттер арасында ЖЖБИ, оның ішінде АИТВ -ның алдын алу» тақырыбында дәріс өтеді. Дәріс ZOOM платформасында өтеді. Дәрісті «Шығыс» алдын алу медициналық орталығының маманы Ануарбекова Сания Маралбекқызы оқиды.
Толығырақ...«Ажарлы ауыл – Ақжар»: тікелей эфир
15 қараша күні сағат 15.00-де А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ажарлы ауыл – Ақжар» тақырыбында тарих пәні мұғалімі, шебер педагог, магистрант, өлкетанушы Қабидолдин Қуаныш Тілеуханұлымен @pushkinlibrary Инстаграм парақшасында онлайн кездесу өтті.
Толығырақ...«Балалар – әдебиет әлемінде»: онлайн тәжірибе алмасу конференциясы
Балалар арасында кітап оқуды жылжыту мәселелеріне соңғы уақытта айтарлықтай көңіл бөлініп, 2021 жыл Қазақстанда «Балалар әдебиеті жылы» деп жарияланды.
Бүгінгі әлем басқаша. Компьютер, ұялы телефон, гаджеттер мен теледидар балалардың уақытын және оқуға деген ықыласын жойды. Ата-аналар балаларды кітап оқуға мәжбүрлеу қиын деп шағымданады. Жиі кеңес алу үшін кітапханашыларға жүгінеді. Баланың оқуға деген қызығушылығын қалай ояту керек? Міне осы мәселе төңірегінде 10 желтоқсан күні ZООМ платформасында «Балалар – әдебиет әлемінде» атты А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы мен Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мамандары арасында аймақтық онлайн тәжірибе алмасу конференциясы өтті.
Толығырақ...«Ұлы даланың қаһарман тұлғасы»
Кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы даланың ұлы есімдерін» ұлықтау мақсатында ерліктің арқауы, елдіктің бастауы болған дарабоз батыр Қабанбай бабамыздың 330 жылдық мерейтойына арналған ««Ұлы даланың қаһарман тұлғасы»» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ел қорғап, ерлік көрсеткен батырдың өмір жолы мен шайқастары туралы әдебиеттер қойылды.
Толығырақ...«Салт-дәстүр – Сан ғасырға саф мұра»: онлайн сұхбат
17 наурыз күні сағ. 11.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен Zoom-платформасында «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы, тарихшы, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Бекен Қайратұлымен «Салт-дәстүр – сан ғасырлық саф мұра» тақырыбында тікелей эфирде сұхбат өтті.
Толығырақ...Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26352732
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы