homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Салт-дәстүр – Сан ғасырға саф мұра»: онлайн сұхбат
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Салт-дәстүр – Сан ғасырға саф мұра»: онлайн сұхбат

17 наурыз күні сағ. 11.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен Zoom-платформасында «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы, тарихшы, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Бекен Қайратұлымен «Салт-дәстүр – сан ғасырлық саф мұра» тақырыбында тікелей эфирде сұхбат өтті.

Бекен Қайратұлы -1963 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы «Қобданқол» ауылында дүниеге келген. Ұлан-батыр қаласында орналасқан Әскери Жоғары Институттың «Артиллерия» бөліміне қабылданып, оны 1984 жылы лейтенант шенінде үздік бітіріп шықты.
1984-1991 жылдар аралығында әртүрлі әскери қосындарда взвод, батерия командирі, саяси қызметкер тәрізді міндеттерді абыройлы орындап, 1989 жылы Моңғолия Жастар одағының жоғары наградасы «Үздік интелигент» алтын медалымен сыйланған.
1991 жылы Қазақстан Республикасына қоныс аударып, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданына қоныстанған. 1995 жылдан бастап баспасөз саласына қатысып, Тарбағатай аудандық «Тарбағатай нұры» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметтерін атқарған.
1997 жылы бұрынғы Ақмола қаласына (қазіргі Астана қаласы) қоныс аударып, қалалық «Астана ақшамы» газетінде тұрақты жұмысын бастады. Елорданың өсіп-өркендеуіне қатысты көптеген публистикалық туындыларды өмірге әкелді.
Шығармалары – «Ақордалы Астана», «Бағаналы орда басты орда» атты жинақтарға енді. «Қазақтың атбегілік өнері» және «Қазақия қалай отарланды?» кітаптарының авторы. Журналист ретінде Қазақстан Журналистер Одағы тағайындайтын «Жылдың үздік журналисі» атағын жеңіп алды. Қазақстан Республикасы «Мәдениет қайраткері», «Бақ және Тіл» байқауының гран-при жеңімпазы.
2010 жылдан бастап «Оян. Намыс.кз» журналын басқарып, «Намыс. кз» сайтында редакторлық қызметтерін 2016 жылдың шілде айына дейін атқарып келді. 2017 жылдан бастап «Егемен Қазақстан» газетінде шолушы.
Халқымыз өз ұрпағын салт-дәстүрмен, әдет-ғұрыппен, жөн-жосықпен, ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Б. Қайратұлы ұлттық құгдылықтарды насихаттап жүрген ұлтжанды, білімді азамат ретінде халықтың қолдауына ие.
Онлайн кездесуде шара қонағы жеті қазынаның бірі – жылқы жайында, құсбегілік және ұлттық құндылықтар туралы әңгімелеп, өзінің шығармашылығы туралы және жастар біле бермейтін салт-дәстүр жайындағы сұрақтарға жауап берді.

 

Байланыс тел.: 261-333

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26045503
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102