homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАрхив новостей«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» әдеби экспозициясы оқырманға жол тартты
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» әдеби экспозициясы оқырманға жол тартты

Биылғы жылы еліміздің саяси өмірінде елеулі оқиға болды. Ол – Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жариялануы. 16 қарашада Тұңғыш Президент Күні қарсаңында кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының алға бастайтын негізгі ережелері көрсетілген кең әдеби экспозиция ашылды. Ашылу салтанатына мемлекеттік қызметкерлер, мәдениет, білім өкілдері, студенттер мен зиялы қауым өкілдері, журналистер қатысты.

Көрмеге қойылған әдебиеттер біздің қоғамның рухани жаңғыру стратегиясын түсіну, зерделеу және қабылдауға көмек береді. Көрменің «Бәсекеге қабілет және адам капиталы» бөлімі цифрлық сауаттылық дағдыларын дамыту, қазақ, ағылшын, орыс тілдерін үйренуге көмекші, өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа ашық «әлем азаматын» қалыптастыру негіздері туралы кітаптармен таныстырды.

Көрменің «Білімге құштарлық» бөліміне біздің жастарымыздың бүкіләлемдік үздік үлгілер бойынша оқып, әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік беретін материалдар қойылған. Соның ішінде «Болашақ» программасы, Қазақстанда әлемдік деңгейдегі университеттердің құрылуы, интеллектуалдық мектептер жүйесі туралы т.б. мақалалар орын алған. Қазақ тілі графикасының тарихы туралы кітаптар мен мақалалар, латын жазуына көшу жөніндегі әдістемелік материалдар ұсынылды. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асырылуы туралы ақпараттар берілді.
«Ұлттық рух» бөлімінде арнайы «Туған жер» жобасы баяндалған, онда біздің отандастарымызды туған өлкемізді өркендету және әлеуметтік мәселелерді шешуге әрекет жасауға үндейді. Бұл өзінің ақыл-қайраты, таланты мен дарыны, өз қолымен өлкеміздің қазіргі заманға сай келбетін жасап жүрген адамдардың нақтылы тарихы мен тағдыры.
Шығыс Қазақстанның «қасиетті күші» туралы кітаптар мен тамаша фотоальбомдарды біздің өңірдің киелі орындары жайындағы фотосуреттер жинағы толықтырып тұр. Қазақстанның мәдени-географиялық бірегей өрісіне енген осы фотоқұжаттар көрмеге ерекше әсерлі рең берді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасының жаңа болашаққа бірге қадам жасау, қоғамдық сананы өзгерту бағытындағы көрегендік ой-толғамдарын көрсетеді. Ол бізге қуатты және жауапкершілігі мол адамдардың біртұтас Ұлтқа айналуы үшін аса қажет. Көрмемен танысып, әдебиеттерді оқып, шығармашылық шабыт алыңыздар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттерін іске асыру үшін еліміздің әр азаматының қолдауы мен әлеуеті керек.
Кәдіров Берік Кәдірұлы - Д. Серікбаев атындағы ШҚТМУ-нің жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы:
"Бүгінгі "Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру" атты көрме өте жоғарғы деңгейде өтті деп санаймын, себебі болашақ ұрпаққа мынау елімізде болып жатқан көптеген ғылыми ізденістердің негізінде қалыптасқан осындай оқулықтардың керегі маңызы зор болып тұр. Өйткені еліміздегі, жеріміздегі болып жатқан ғылыми зерттеу жұмыстарының негізі осындай кітаптарға шығып болашақ ұрпаққа үлгі. Мына әдебиеттер көрмесінен қарап отырсақ, әдеби кітаптардан бастап, ғылыми негіздегі құнды еңбектер қойылған. Яғни, осыны оқып, бойына сіңірген ұрпақ, еліміздің ертеңгі жарқын болашағын қалап, білімде, ғылымда озық болады деп санаймын. "
Еліңді тану – өлкеңді танудан басталады. Әр адам өзі тұрып жатқан кіші Отанының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, әдебиетін білуге міндетті. Бүгінде «туған өлке», «өлкетану» ұғымдары зерттеліп, зерделеніп отыр. Өзіміз өскен ортаның тарихын, оның қойнауындағы әрбір құбылысын, өзгерістердің сыры мен қырын білуді мақсат ету керек. Сонда ел ертеңі болар жастардың ұлттық намысы оянып, өлке тұлғаларының табыстары мен өнегелі істерін мақтаныш етері анық.
Өз өлкесі туралы ақпарат алғысы келген әрбір оқырмандар үшін ұйымдастырылған көрме жыл бойы насихаттала бермек.

ruchani 1 1 ruchani 1 2 ruchani 1 3 ruchani 1 4 ruchani 1 5 ruchani 1 7

 

ruchani 1 6

 

ruchani 1 8

 

ruchani 1 9

 

ruchani 1 10

 

ruchani 1 11

 

ruchani 1 12

 

ruchani 1 13

 

ruchani 1 14

 

ruchani 1 15

 

ruchani 1 16

 

ruchani 1 17

 

ruchani 1 18

 

Байланыс тел.: 26-39-46 (119)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26354652
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102