Ғасыр бұлбұлы – Бибігүл Төлегенова
13 желтоқсан 2019 жылы 15.00-де А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасында «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Ғасыр бұлбұлы – Бибігүл Төлегенова» атты әдеби-музыкалық кеш өтеді. Облыстық Өнер мұражайымен бірлескен шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып, 1929 жылы 16 желтоқсанда дүниеге келген әйгілі опера әншісі, КСРО-ның Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және Күләш Байсейітова атындағы Қазақ КСРО мемлекеттің сыйлығының лауреаты – Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың 90 жылдығына арналады.
Жез таңдай жерлесіміз Бибігүл Төлегенованың есімі қазақ халқының тарихы мен мәдениетінен ерекше орын алады. Ол – сахна мен кино өнерінің қайталанбас бейнесін сомдап, әншілік талантымен миллиондаған тыңдарманның құлақ құрышын қандырып, жүректеріне шуақ нұрын сыйлады. Әншінің орындауындағы опера ариялары отандық және әлемдік әнсүйер қауымды тәнті қылған.
Сыңғырлаған әсем дауысымен жүректерге жол тапқан біртуар дарын иесі, бұлбұл үнді әншіміз бүгін де осы қалпында. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры еліміздің опера мен эстрада әртістері мен талантты орындаушылар тәрбиелеуде де ерен еңбек етті. Оның асқан тәжірибесі аға буын әріптестері мен жас әртістер арасында үлкен сұранысқа ие болғандықтан, әлі де шеберлік құпияларымен бөлісіп, сырласып, кеңес беруден жалықпайды. Сондай-ақ, Бибігүл Ахметқызы – Бибігүл Төлегенова атындағы Халықаралық вокалистер сайысының идеялық дем берушісі.
Кеш қонақтары қазақ өнерінің көгінде жұлдыздай жарқыраған әншінің шәкірттері, Бибігүл Төлегенова атындағы Халықаралық вокалистер сайысының дипломанттарымен кездесіп, әнші репертуарындағы керемет әуендерді тыңдай алады: халық әндері, «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште» кинофильмдерінен алынған әндері т.б.
Іс-шараға мектеп пен колледж оқушыларын, жоғары оқу орындарының студенттерін, шығармашылық интеллигенцияны және қазақстандық және әлемдік мәдениеттің дамуына баға жетпес үлес қосқан атақты әртістің ғажайып музыкалық әлеміне бей-жай қарамайтын барша жандарды шақырамыз.
Байланысшы: Сакпанова Ж.С.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26345933
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы