«Сүмбіленің сағымы» кітабының тұсаукесері
21 маусым күні сағ 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Әкімбаев Елжан Сейтенұлының «Сүмбіленің сағымы» кітабының тұсаукесері өтеді.
Жаңа кітаптың авторы Әкімбаев Елжан Сейтенұлы – 1964 жылы Катонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Автордың бұдан бұрын «Қырыққа біз де кеп қалдық» (2004 ж.), «Өмір белестері» (2015 ж.) атты кітаптары жарық көрген.
Елжан Сейтенұлының «Сүмбіленің сағымы» деп аталатын жаңа кітабының бірінші бөлімі автордың өмірде көрген, білген және көңілге түйген кейбір жайларды әңгімелеуге арналған. Ой жіберіп, зерделеп оқыған адамға тәлім аларлық, танымдық-тағылымдық дәйекті деректерге толы. Ең бастысы, әңгімелердің басым көпшілігі, тіпті барлығы дерлік автордың өз басынан өткен оқиғалары.
Кітаптың екінші бөліміне өмірге, туған жерге арналған өлеңдері енеді. Мұнда ол алдыңғы толқын ағалары мен кейінгі толқын інілерінің, ізгі ойлы замандастарының қарапайым өміріне, өрісті өнеріне достық пейілмен, тілектес көзқараспен өзіндік ой-пайымдарын жеткізген. Сондай-ақ, жинақтан автордың әндерін де табуға болады. Кей өлеңдерінің әуенін де өзі шығарып, өзі орындап жүрген жайы бар. Елжан Сейтенұлы – «Өр Алтай арысы» медалінің иегері.
Кітап авторымен жүздесіп, жерлес қаламгерлермен жақынырақ таныс болыңыз! Жаңа кітаптың тұсаукесерінде баршаңызды күтеміз!
Байланыс тел.: 26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26053090
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы