homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бет«Мұхтар Әуезов шығармалары суретшілер көзімен» шығармашылық байқаудың қорытындысы
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Мұхтар Әуезов шығармалары суретшілер көзімен» шығармашылық байқаудың қорытындысы

28 қыркүйек күні сағ 11.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Мұхтар Әуезов шығармалары суретшілер көзімен» атты облыстық шығармашылық байқаудың қорытындысы өтеді.

Байқау қазақ әдебиетін әлемге танытқан ұлы ғалым-жазушы, көркем ойдың алыбы, қазақ драматургиясының іргетасын қаласқан тұңғыш драматург, әлем әдебиеті классиктерінің туындыларын аударған аудармашы, ұлағатты ұстаз Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналады.
Суретшілер арасында өткізіліп отырған байқаудың - ұлттық құндылықтар мен қазақ әдебиетін насихаттау, М.Әуезов шығармашылығын зерделеу және зерттеу, оны келер ұрпаққа жеткізу, дарынды жерлестерімізді қолдау.
Ұсынылған суреттер байқау мақсаттарына, міндеттеріне сәйкес, «Әлем таныған Әуезов» тақырыбын ашуға бағытталған. Байқауға облысымыздағы танымал суретшілер қатысып, өз жұмыстарын ұсынуда. Ережеге сәйкес жұмыс кенепте, қағазда немесе картонда кез-келген техникада (акварель, гуашь, пастель, май, тушь және басқа материалдар) орындалады.
Жұмыстар 1 маусымнан 10 қыркүйекке дейін қабылдануда. Келіп түскен суреттерден ұйымдастырылатын жұмыстар көрмесін 28 қыркүйек – 28 қазан аралығында кітапханадан тамашалай аласыздар.
Аталмыш шарада байқау жеңімпаздарына арнайы дипломдар, қалған барлык қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Барша өнерсүйер қауымды сурет көрмесінің ашылуына шақырамыз. Заңғар жазушы М.Әуезовтің шығармашылығын суретшілер көзімен тамашалап көріңіздер! Біз сіздерді күтеміз!


Байланыс тел.: 26-13-33

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26048791
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102