homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАфишаКітапханаКурстар мен тренингтер
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Курстар мен тренингтер

Компьютер мен Интернетте жеңіл жұмыс істегіңіз келе ме? Қош келдіңіз!
IT otauyurta 3IT0002
Тренингтердің тақырыбы: 

 
Компьютерлік сауаттылық негіздері – 10 сағат (бағдарлама) Курсқа жазылу

Тренингтің мақсаты - дербес компьютер туралы бастапқы мәліметтер алу және пайдаланушы дағдыларын меңгеру. Курс аясында компьютермен жұмыс принциптері, Windows операциялық жүйесі негіздері, файл және папкалармен жұмыс, ақпаратты сақтауға арналған тасымал құралдары, компьютердің қарапайым құрылымдары үйретіледі. Сонымен бірге курсқа мәліметтерді архивтеу  және MS Office пакетімен (құру, сақтау, құжатты ашу) жұмыстың жалпы принциптері енгізілген.
Тренингтер топпен және жеке жүргізіледі. Ұзақтығы – 10 сағат (күніне 2 сағат).
Курсқа жазылу 26-13-33 тел. бойынша және кітапхана сайтында жүргізіледі

 

Microsoft Word - 10 сағат (бағдарлама) Курсқа жазылу

Тренинг мақсаты – Word мәтіндік редакторында жұмыс істеуді үйрету. Курстан өткеннен кейін сіз меңгересіз: құжатты құру және редакциялау, мәтіннің емлесін бақылау, мәтіннің жекелеген фрагменттерімен жұмыс (көшіру/жою/орнын ауыстыру), сурет қою және оған қол қою, нөмірленген тізімдер құру, кестелер ресімдеуді ... Тренингтер топпен және жеке жүргізіледі. Ұзақтығы – 10 сағат (күніне 2 сағат). Курсқа жазылу 26-13-33 тел. бойынша және кітапхана сайтында жүргізіледі

 

Microsoft Excel - 10 сағат (бағдарлама)

Тренинг мақсаты – Excel электронды кестесімен жұмыс істеуді үйрету. Курстан кейін сіз электронды кестеге мәліметтер енгізуді және редакциялауды, формулалар енгізу және күрделі есептер шығаруды үйренесіз. Тренингтер топпен және жеке жүргізіледі. Ұзақтығы – 10 сағат (күніне 2 сағат). Курсқа жазылу 26-13-33 тел. бойынша және кітапхана сайтында жүргізіледі

 

Microsoft PowerPoint - 6 сағат (бағдарлама)

Тренинег мақсаты – слайд – презентациялар құру бойынша жұмыстарды үйренесіз. Курстан кейін сіз баяндамалар үшін презентациялық материалдар дайындай аласыз, түрлі стильдерді, күрделі графикалық формаларды, құрылымдық схемаларды пайдалана білесіз.  Тренингтер топпен және жеке жүргізіледі. Ұзақтығы – 6 сағат (күніне 2 сағат).Курсқа жазылу 26-13-33 тел. бойынша және кітапхана сайтында жүргізіледі.

 

Интернет (Базалық курс). Ақпарат іздеу және электронды пошта - 10 сағат (бағдарлама) Курсқа жазылу

 

Электронды поштамен жұмыс (E-mail). Интернет Желісінде қарым-қатынас жасау -10 сағат (бағдарлама) Курсқа жазылу


Қаржылық-есептеу құжаттамасын компьютерлік өңдеу (1С:Бухгалтерия 8) – 20 сағат (бағдарлама)

1С:Бухгалтерия – бұл кез-келген кәсіпорын жұмысының сенімді көмекшісі. Бұл бағдарлама функционалдық мүмкіндіктері арқылы кез-келген кәсіпорын саласы мен салық төлеу тәртібінің кез-келген түрінде есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Бағдарлама тек кәсіпорын бухгалтериясын ғана емес, сондай-ақ өзге де құрылымдық бөлімдер жұмысын автоматтандырады. Бұл – коммерциялық жұмыстың кез-келген түрін жүзеге асыратын ұйымдарда есеп жүргізудің тиімді жолы болып табылады.

 

 

Экспресс-тренингтер (ұзақтығы 1 сағат): Курсқа жазылу

Электронды каталогтан іздеу

Кітапхананың электронды каталогы 1993 жылдан бастап жүргізіледі. 160 мыңнан аса библиографиялық жазба жинақталған. Кітап, авторефераттар, электронды ресурстар туралы мәліметтер енгізілген.
Экспресс-тренингтен оқырмандар залында (2 қабат, №26 каб.) өтуге болады. Тренинг компьютерлік дағдысы бар жаңа пайдаланушыға арналады. Сабақты кеңесші библиографтар жүргізеді. Сіз кітапхананың электронды каталогынан және оның online-версиясынан ақпарат іздеуді үйренесіз.

 

«ЗАҢ» дерекқорынан іздеу

«Заң» дерекқоры Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерінің ресми мәтіндерінің электронды жинағын ұсынады. Осы ақпараттық ресурстармен жұмыс істеуді үйрететін экспресс-тренингтен кітапхананың Оқу залында (2 қабат, №26 каб.) өтуге болады. Сіз құқықтық құжаттар массивін бағдарлауды үйренесіз, сұраныс құру әдісін меңгересіз.

 

Электронды пошта

Бүгінгі күні электронды пошта – ең қолайлы байланыс құралы. Визит карточкасындағы электронды пошта адресі қазіргі іскер адамға қажетті атрибуттың бірі болып табылады. Электронды хат-хабар алмасуды үйрену тренингінен кітапханадағы IT-отауда  (1 қабат, №15 каб.) өтуге болады. Сіз өзіңіздің электронды пошта жәшігіңізді ашуды, хат-хабар жіберу және алмасуды  үйренесіз.

 

Интернеттің анықтама ресурстары

Интернеттегі сөздіктер мен энциклопедиялар нақты және беделді ақпараттарды жедел табуға көмектеседі.  On-line аудармашылар – қажетті шет тіліне және кері  жедел аударма жасайды. Барынша көп талап етілген on-line сервистің біріне үйрену үшін экспресс-тренингтен кітапхананың IT-отау орталығынан (1 қабат, №15 каб) өтуге болады.  Сіз танымал желілік анықтамалықтармен жұмыс істеуді үйренесіз.

 

Тақырыптық іздеу

Қажетті ақпаратты іздеп таба білу  – үлкен өнер. Интернеттен тақырыптық іздеу жүргізуді үйрену үшін кітапхананың оқырман залынан (2 қабат, №26 каб.) экспресс-тренинг өтуге болады. Сіз оқу немесе кәсіби қызметіңізге керекті ресурстарды жедел табуды үйренесіз, іздеу әдістерін меңгересіз.

 

Қашықтықтағы дерекқорлардан іздеу (УБД)

Егер қажетті құжат біздің кітапханада болмаған жағдайда, басқа кітапханалардың электронды каталогтарына іздеу жүргізіледі. Қашықтықтағы дерекқорлардан іздеу жүргізу экспресс-тренингінен кітапхананың оқырман залынан (2 қабат, №26 каб.) өтуге болады. Сіз қазақстандық және шет елдердің ірі кітапханаларының каталогтарынан іздеу дағыдыларын меңгересіз және құжаттардың электронды жеткізілімі технологиясымен танысасыз.

 

«Қазақстан Республикасының электронды үкіметі» порталы

Электронды Үкімет деген не? Бұл Электронды қызмет түрлерін ұсыну бойынша мемлекеттік органның жұмыс істеу механизмі. www.egov.kz порталы қалай жұмыс істейді, Сізге қажетті ақпарат пен қызметті қалай алуға болады? Электронды қолтаңба деген не және оны қалай алуға болады? Бұл жайында тренингтерден білуге болады. Мұнда Сізге порталға тіркелуге көмектеседі. Сонымен бірге, үйден шықпай-ақ, тиісті мемлекеттік органдарға бармай-ақ ақпараттық, интерактивті, транзакционды электронды қызметтерді алуға үйретеді.

 

 Модульдік тренингтер (бірте-бірте):

Компьютер – Интернет

Интернетті кәсіби қызметте пайдалану

Курсқа жазылу

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26045503
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102