Отбасылық сот
14 қарашада кітапханамызда «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында «Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотындағы Отбасылық сот» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел жұмысына сот, прокуратура, ювеналды полиция өкілдері, "Шаңырақ", "Альтернатива", "Феникс" ҚБ, "Берегиня" отбасын қолдау орталығының медиаторлары қатысты.
Отбасылық ажырасу санын азайту, яғни қоғамдағы жанжал мен ерлі – зайыптылардың татуласуына ықпал ету – Жоғарғы Соттың "Отбасылық сот" пилоттық жобасы шешуге бағытталған міндеттердің толық тізбесі емес.
Қалалық әкімшілік сотының төрешісі Рахимова Раушан Тоқтарханқызының айтуынша, жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында шамамен 1500 әкімшілік материал қаралған.
- «Бұл әлеуметтік-психологиялық сипаттағы ерекше сала. Соттарда психологтардың штаттық бірліктері қарастырылмаған, біз отбасылық медиаторлармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Отбасылық дәрігер қажет. Бұл тәуелділікке байланысты проблемалардың басымдығынан туындайды. Бұл ойындық тәуелділік, маскүнемдік, тұрмыстық зорлық-зомбылық».
ШҚО бойынша «Ұлттық Медиаторлар Палатасы" республикалық ҚБ өкілдігінің директоры, кәсіби медиатор Дячук Марианна Ивановна:
- «Барлық мемлекеттік органдармен, полициямен, білім беру және денсаулық сақтау, сондай-ақ ҮЕҰ-мен өзара жұмыс жасай отырып, осындай отбасыларға дағдарысты еңсеруге, отбасылық тиранды жауапкершілікке тартуға, тәуелділіктен зардап шегетін адамдарды емдеуден өтуге көмектесе аламыз. Ал еріксіз ажырасу жағдайында балаға қатысты қалыпты қарым-қатынас жасауға және ата-ана міндеттерін орындауға көмектесуге болады.
"Бізді отбасылық қатынастар саласындағы соттардың мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс - қимылының кешенді сипаты ғана балалар мен отбасылардың достық сот төрелігіне қажеттілігін қамтамасыз етуі мүмкін деген ортақ пікір біріктіреді", - деді кездесу қорытындысын шығара отырып, дөңгелек үстелді ұйымдастырушы төреші Раушан Тоқтарханқызы Рахимова.
Дөңгелек үстел барысында іс-шараға қатысушылар Тұңғыш Президент-Елбасы кітапханасының оқу залы кітаптарының көрмесімен, отбасылық-тұрмыстық қатынастарды реттейтін ҚР нормативтік-құқықтық актілерімен танысты.
Бақытгүл Қалиева, 261333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26048171
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы