homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВКітапхананың Америка бұрышындағы Достық биі
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Кітапхананың Америка бұрышындағы Достық биі

Қаламызда 15 қараша күні Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен «Ертіс Концерт»-те (ЦДК) АҚШ-тың «Company E» балет тобының және Қазақстанның «Samruk» заманауи би театрының би шоуы өтті. 16 қарашада  «Company E» би тобы -  хореографтар, би топтары, би әуесқойлары және барлық тілек білдірушілер үшін биден мастер-класс өткізді. 

Шингалиева Сәуле, Халықаралық ресурстар орталығының жетекшісі:
Біздің кітапхана көптеген жылдар бойы АҚШ Елшілігінің Департаментімен жұмыс істейді. Бүгін бізде қонақта АҚШ-тағы заманауи «Company E» үздік би тобы мен топ режиссері Пол Гордон Эмерсон. Хореографтар үшін бұл бидің жаңа бағытын игеру үшін тамаша мүмкіндік болды. Қаланың барлық би ұжымдары біздің шақыруымызға қуана келісіп, кітапханада өткен шеберлік сабағы өте қызықты өтті.
Пол Гордон Эмерсон, «Company E» би тобының режиссері, труппаның көркемдік жетекшісі:
Мен үшін кешегі қойылым - бұл менің өмірімнің маңызды сәттерінің бірі, біздің шоуға келген көрермен залға толды. Бұл, өте керемет болды. Бишілер үшін  залдың көрерменге толы болғаны, ерекше мотивация болды.  Бұл шеберлік сыныбында уақытымыз аз болғандықтан, жерден қалай қуат алуға болатындығын және өз биіңізде оны қалай көрсетудің дағдыларын бергіміз келді. Біздің сапарымыз АҚШ Елшілігінің үлкен бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен, Орта Азия бишілеріне арналған би байқауына қатысқан жүз адамның сексені – Қазақстаннан болды. Ал, бүгінгі жоба - сол байқаудың жалғасы деп айтуға болады.
АҚШ Департаментінің әртүрлі қалалардағы жұмысының арқасында Америка Елшіліктері жұмысының өкілдері болып табылатын американдық бұрыштар бар. Біз оларға әрқашан қолдау көрсетіп, көмектесіп тұрамыз. Американдық бұрыштың кітапханада орналасуы өте керемет әрі маңызды . Мұнда жастар келеді,  олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ақпарат алады, бұл біз үшін өте маңызды. Ал, біз халықтар достығы туралы би тілінде сөйлейміз.
Нечкина Александра биші : Кәсіби адамнан мастер-класс алу үлкен бақыт. Мұны көргенде, сіз өзіңіз осы деңгейге жетуге тырысасыз. Бұл әр биші үшін өте пайдалы кездесу.
Шонов Данил, «Флэш» би тобы : Бұл мен үшін жағымды жаңа әсер, хореография, жаттықтырушылардың жоғары деңгейі. Тренингте мен көптеген қызықты нәрселерді ала алдым.
Исаков Лев, «Флэш» би тобы: Мен ешқашан мұндай би билеген емеспін. Бұл біздің әдеттегі іс-әрекеттерімізден гөрі күрделі, жаңа қозғалыстар, қызықты. Мен оны әрі қарай оқып, зерттегім келді.

Турсынханова Аяулым, А.С.Пушкин атындағы кітапхананың Халықаралық Ресурстар Орталығының Америка бұрышының координаторы:
Жастар Бродвей джазы және «Контемпорари» американдық заманауи би элементтерінен шеберлік сабағын алды. Бұл бидің түрі  балетке қатты ұқсайды, бірақ еркін формада болып келеді. Бұл Қазақстан үшін мүлдем жаңа стиль, әлі онша дамымаған. Мастер-класста біз қатысушылардың қызығушылық танытып, үлкен ынтамен жаттығулардан өткенін байқадық. 

Бізге АҚШ Елшілігінен фотокамера, жарық беретін құрылғы т.б. бейне жабдықтар алған болатынбыз.  Кітапханада бейне және аудио роликтерді жазатын шағын студия жабдықталған.
Бүгін біз осы шағын студиямызды қонақтарымызға таныстырдық және осындай  заманауи қондырғылардың көмегімен дағдыларымыз бен қабілеттерімізді дамытып, әдемі әрі ерекше бейнеклиптер жасай алатынымызды айтып ризашылығымызды білдірдік.

 balet 1 2 balet 1 3 balet 2 2 balet 1 5 balet 2 1 balet 1 9

 Байланыс тел.: Жансая Ашкенова, тел.261 333, ішкі 119

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26338462
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102