homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВЖурналист, фотограф Мерей Қайнарұлымен онлайн-кездесу
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Журналист, фотограф Мерей Қайнарұлымен онлайн-кездесу

16 сәуір, сағат 19.00-де Фейсбук әлеуметтік желісіндегі @mereiqainaruly парақшасында журналист, фотограф, «Дидар» газетінің жауапты хатшысы, Журналистер Одағының мүшесі Мерей Қайнарұлымен шығармашылығы, сурет өнері, қылқалам шеберлігі туралы тілкелей эфирде сұхбат жүргізіледі.

Мерей Қайнарұлы 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. Балалық шағынан пайда болған әсемдікке, сурет өнеріне деген қызығушылығы Мерейді мектеп қабырғасынан кейін Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеттің «Бейнелеу өнері және сызу» факультетіне оқуға түсуіне себеп болады. Университет қабырғасында жүріп сурет өнерінің қыр-сырын азды-көпті меңгеріп, қылқаламынан тамаша туындылар шыға бастайды.
Мерей алғашқы еңбек жолын Глубокое ауданы, Глубокое кентіндегі Оралхан Бөкей атындағы орта мектепте мұғалімдіктен бастады. Глубокое аудандық газетінде кішігірім мақалалары жарық көрді. Кейіннен ауданда қазақ тілінде газет ашылып, сонда тілші болып жұмысқа қабылданды. Журналистиканың ұстаханасындай болған аудандық газеттен кейін жаңа ашылған облыстық «Менің өлкем» газетінде тілші болып , кейіннен аталмыш газеттің редакторлық қызметіне дейін көтерілді. Қазіргі таңда облыстық «Дидар» газетінің жауапты хатшысының орынбасары.
Мерей пейзажды кескіндемемен ғана емес, ландшафты фотографиямен және карикатурамен де айналысады. 2018 жылы оның шарж суреттері Мұратхан Кенжеханұлының «Қоңыр қалжың» кітабына енді. Мерейдің айтуы бойынша, шығармашылығына шабытты көркем әдебиеттен, саяхаттар мен әсем табиғаттан және адамдармен араласудан алады.
Мерей Қайнарұлы – Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, облыстық, республикалық конкурстардың лауреаты. 2019 жылы БАҚ республикалық байқауында «Үздік фоторепортаж» номинациясында 1-ші орынды иеленсе, облыстық жастар арасындағы шығармашылық байқауында «Көркем фотосурет» номинациясында 1 орын алды.
Мерей әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстанның тұмса табиғатынан сыр шертетін фотосуреттерді жиі салып отырады. Қазіргі күнде оның «қолтаңбасын» облыс тұрғындары ғана емес республика, тіпті шетелдіктер де тани бастаған.


Байланысшы: Кемешева Меруерт Ниғметолдақызы,
библиограф, 87052819343

#BizBirgemiz

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26339858
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102