«Оратор Өскемен» Гулбаршын Абылгазиновамен онлайн-кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 15.04.2020 14:31
А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана жанынан құрылған "Оратор Өскемен" клубы әр аптаның сәрсенбі күні сағат 20.00-де Инстаграм әлеуметтік желісіндегі (@barshyn_abilgazinova парақшасында онлайн сабақтар өткізеді. Көпшілік алдында сөйлеу, аудиторияны меңгеру және өз ойыңды жеткізе алу мен тыңдата білу адам бойындағы ерекше қабілетті және оны жетілдіріп отыруды қажет етеді.
Шебер сөйлеу, өз ойыңды ұтымды жеткізу мен аудиторияны сендіре алу шешендіктің белгісі. Сөз өнерін жетік меңгерген адамдар сирек дарын иесі ретінде жоғары бағаланып, қай заманда да, қай қоғамда да үлкен сый-құрметке ие болған.
Кез келген адам оратор бола алады. Ол үшін арнайы құралдарды игеру керек. Қазақта «Шешен болып тумайды, шешен болып қалыптасады», болмаса «Сөйлей-сөйлеу шешен боласың, көре-көре көсем боласың» деген сөздер бар. Әбір адам өзінің сөйлеу мәнерімен жұмыс істесе, ой-өрісін кеңейтіп, кітап оқыса, оратор болудың арнайы техникаларын меңгерсе айтар ойын жүйелі түрде жеткізуге бейімделеді.
Қазіргі заман талабына сай – сөйлеу мәдениетін игеру, аудиторияны басқарып, көп алдындағы қобалжудан құтыла білу, өзіне деген сенімділікті қалыптастыру – әрбір адамға қажетті өнер.
Кітапханадағы Ораторлар клубы аясында ораторлық өнермен қатар, адамның сөз байлығын дамытар аталы сөздер, өнегелі әңгіме, мақал-мәтелдер насихатталып, кітаптарға шолу жасалынады. Тәжірибелі спикердің кеңестері аудитория алдында сөйлеу қорқынышын жеңіп, көпшілік алдында сөйлеу дағдысын, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге көмектеседі.
Баршаңызды Ораторлық шеберлік және риторика онлайн-клубына шақырамыз.
Байланысшы: Абылгазинова Гүлбаршын. 87056241725
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339319
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы