Көркемсөз оқу шебері, әнші, «Қазақ радиосының» жүргізушісі Ғылымхал Манайұлымен онлайн-кездесу
2020 жылы 21 сәуір күні сағат 20.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен көркемсөз оқу шеберлерінің Республикалық және халықаралық байқауларының бірнеше дүркін жеңімпазы, Республикалық «Алтын дауыс» байқауының жеңімпазы, филология ғылымдарының магистрі, «Қазақ радиосының» жүргізушісі, әнші Ғылымхал Манайұлымен (Фейсбук желісіндегі Ғылымхал Манай парақшасында) тікелей эфирде онлайн кездесу өтеді.
Ғылымхал Манайұлы 1994 жылы дүниеге келген, он ағайынды отбасының сүт кенжесі. Балалық шағынан-ақ өнер мен кітап оқуға деген қызығушылығы басым болып, мектеп қабырғасында «Үздік оқушы», «Мектеп саңлағы» атанған. Мектепті «Алтын белгімен» аяқтап, 2012 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына оқуға түседі. Кейін білімін Астана қ. Тұран-Астана университеті магистратурасында жалғастырады.
Алғашқы еңбек жолын ШҚО драма театрынан бастап, О. Бөкей атындағы қалалық орталық кітапханада еңбек етеді. Бүгінгі таңда Қазақ радиосында жүргізуші болып қызмет атқаруда.
Ғылымхал: «Мен ауылдық жерде, қозы-лақтың қасында, әсем табиғаттың қойнауында өстім. Таулы жердің тамаша табиғаты мені аялап өсірді, жігерлендірді, өнерге деген құлшынысымды арттырды. Әкем саятшы еді, әрі домбыра тартатын, «Беу, қара домбыра!» деп жыр да айтатын еді. Әке қанынан дарыған талант мені де өнерге қызықтыра түсті.»,- дейді.
Ғылымхал Манай әр жылдары түрлі байқау, сайыстардың жеңімпазы атанды. Атап айтсақ: «Тұлға – 2014» халықаралық көркемсөз оқу байқауының бас жүлдегері, XVII Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің Республикалық байқауының бас жүлде иегері, Қазақстан Республикасы Әнұранының авторы, ақын, жазушы Жұмекен Нәжімеденов атындағы Көркемсөз оқу байқауының Арнайы жүлдегері, «QAZAQ RADIOLARY» серіктестігі жариялаған «Алтын дауыс» дикторлар байқауының Бас жүлдегері. Өлеңдері Ұлы жеңістің 70 жылдығына арнап шығарылған «Ертіс толқыны» атты жас ақындар жинағына енген.
Онлайн кездесуде салт-дәстүрге байланысты мәнді, рухани әңгіме тізгіні ағытылып, әуелетіп ән де салынады, көркем сөз де оқылады.
Тікелей эфирді бірге тамашалайық!
Байланысшы: Абылгазинова Гүлбаршын Тілегенұызы,
библиограф, +7 705 624 1725
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339858
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы