«Ақын бейнесі»: ақын Александр Мещеряковпен онлайн кездесу
23 cәуір күні сағат 15.00-де Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай талантты жерлесіміз, музыкант әрі ақын Александр Мещеряковпен онлайн кездесу өтеді @alvyshkovskiy).
Александр Мещеряков Өскемен қаласында туып-өскен, қазір де осы қалада тұрады. Туған қаласына, өз өлкесіне деген ақын махаббаты оның өлеңдері мен әндерінен ғана емес, суреттері мен мүсіндерінен де көрініс тапқан. Ақынның шығармашылық жолы енді ғана бастау алуда, қала басылымдарында мақалалары жарық көріп, авторлық кездесулер, концерттер мен іссапарлар ұйымдастырылуда.
Жас қаламгердің айтуынша, ол алғаш рет жоғары сыныптарда оқып жүргенде қолына қалам алып, шағын әңгімелер, анекдоттар, өтірік өлеңдер жазып, комикстер салып, оны тек достарына ғана көрсетіп жүрген. Ермексаздан, мамандығы бойынша географ анасы іссапардан әкелген конструкторлардан, кітап пен журнал беттерінен көрген қызықты суреттерге қарап қағаздан кеме мен ұшақтардың модельдерін жасаған.
2019 жылы өңірлік әдеби жоба «Абай әлемі» кітап сериясы аясында Александр Мещеряковтың «В отражениях» атты алғашқы жинағы жарық көрді. Бұл кітапқа ақынның 2000 жылдан бастап 2018 жылдар аралығында жазылған өлеңдері енген. Жинақтың алғы сөзінде автор өлеңдерінің әртүрлі кезеңде, түрлі көңіл-күймен жазылғандығын айтады. Кітапты оқи отырып, оның осылай аталуының себебін түсінетін боласыздар дейді.
Қаламгер әлеуметтік желілердегі аккаунттарында өзін дизайнер, суретші, музыкант, ақын, оюшы, ағаш шебері деп көрсеткен. Ендеше, баршаңызды осындай сегіз қырлы бір сырлы ерекше дарын иесімен кездесуге шақырамыз!
Тікелей эфир ақынның инстаграмдағы жеке парақшасында @alvyshkovskiy өтеді
#BizBirgemiz #МыВместе
Байланысшы: Райхель В.А.
87772456062
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26046305
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы