homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВДеніңіз сау болсын!
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Деніңіз сау болсын!

7 маусым күні Металлургтер мәдениет сарайының ауласында «Денсаулық қалашығы» ұйымдастырылды. Біздің кітапхана салауатты өмір салтына байланысты әдебиеттер көрмесін ұсынса,  медициналық ұйымдардың терапевт, педиатр,нарколог, психолог мамандары, СПИД орталығы мен ФЗОЖ Орталығы мамандары қалалықтарға консультациялар берді.
 «Нұрсалауат» жастар орталығы мен медициналық колледж мамандары денсаулық Фестивальіне флешмоб арнады
Жерлестеріміз «Салауатты өмір салты» кітап көрмесіне келіп, кітап, журналдармен танысты. Фестивальға қатысқан медициналық мекеме мамандарымен сұхбаттасып, әдебиеттер көрмесі, жалпы фестиваль туралы, іс-шараға қандай мақсатпен қатысып отырғандарын білген едік.

 Ашербева Шынар Мұратқызы – ШҚО бойынша денсаулық сақтау электрондық Орталығының директоры

Бүгінгі денсаулық фестивалі аясында өтіп жатқан, іс-шарада Өскемен қаласының тұрғындарына денсаулық сақтау, нығайту, қалпын келтіруге байланысты қаламыздағы медициналық ұйымдар өзінің ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қалашықта қан қысымын өлшеп, флюраға түсіріп , қан тапсырып жатыр сондай-ақ әр түрлі ақпараттық әдістемелер, нұсқаулар таратылып, кеңестер беріліп жатыр. Фестиваль «Ауырудың емін іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» ұранымен өтуде. Сіздердің барлықтарыңызға денсаулық, бақыт тілеймін.

 

Наталья Альбертовна Дадонова - Республикалық электрондық денсаулық сақтау Орталығы ШҚ филиалы, директордың орынбасары:
Біз медициналық ақпараттық жүйелер бойынша азаматтарға кеңес беріп, медициналық статистиканы жинақтаудамыз.
Бүгін біз азаматтардың медициналық мекемеге тіркелу бойынша кеңес беріп, қабылдау ережелерін түсіндірудеміз.
Біз Пушкин кітапханасының көрмесімен қатар тұрмыз. Кітапхана біздің қала мен облысымыздағы көрнекті орындардың бірі болып табылады.
Кітапхана – бай кітап қоры. Кітап көрмелері, клубтар мен курстар. Кітап – білімнің көзі, қажетті, нақты ақпаратты кітаптан алған дұрыс. Ғаламтордағы ақпараттар шынайы бола бермейді.
Мен кітапханаға бала кезімнен барамын. Мені кітапхана қорының жаңаланып, толықтырылып отыратыны қуантады.

 

Джаниярова Айгуль Саидовна, зейнеткер:
- Мен денсаулық Фестивальіне келіп, көрмені көрдім. Мен пушкин кітапханасының тұрақты оқырманымын. Көрмеде ағзаны тазалау, қант диабеті, сондай-ақ, әр түрлі психологиялық тренингтер, бұл кітаптарды көріп, кітапханадан үйге алып оқуға болады.
Бұл кітаптардан көптеген маңызды ақпараттар алуға болады. Мен біздің Пушкин кітапханасында тренажер залының ашылғанына сондай қуаныштымын. Адамның денсаулығы жақсы болса, ол әрқашан көңілді, белсенді әрі күшті. Денсаулық әр адамның баға жетпес байлығы. Сондықтан біз бәр өмірімізді денсаулығымызға арнауымыз керек. Сонда біз осындай мерекелерді дәрі-дәрмек ішіп, төсекте қарсы алмай, мен сияқты келіп, қатысып көре аламыз.
Біздің ұрпақ салауатты болса, онда біздің Қазақстан мықты болады. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз.

 

Татьяна Юрьевна Ермолаева -ШҚО СӨС қалыптастыру Орталығының директоры:
Бүгін біз дәстүрлі Денсаулық фестиваліне қатысып отырмыз. Пушкин кітапханасымен біз көптеген іс-шараларды бірге өткіземіз. Бүгінгі дұрыс тамақтану, салауатты өмір салты, спорттың пайдасы туралы әдебиеттер көрмесі фестивальға көрік беріп тұр.
Біз өз білімімізді осы кітаптар арқылы толықтырып отырамыз. Негізгі білім – кітапта, ғаламтор деп жатамыз, ғаламторда кейбір кездері тексерілмеген, жалған ақпараттар беріліп жатады. Біз айтарлықтай дәлелденген білімдерді кітаптан ғана аламыз.

 

Сергей Карпач - қазақ-түрік колледжі:
- Мен кітап оқығанды жақсы көремін. Көрмеде салауатты өмір салты, тамақтану, спортқа байланысты көптеген кітаптар топтастырылған. Кітапханаға жазылғым келеді.

 

Виктория Русина - колледж КАСУ:
- Біз бұл фестивальға кездейсоқ келіп қалдық. Кітап көрмесі мені қатты қызықтырды. Мұнда мені көптен бері қызықтырып жүрген психология психотерапия, йогаға байланысты кітаптар ұсынылған екен. Енді міне, кітапханаға жазылғым келеді.

 

Айтқазина Альфия Сағдолидолдақызы - Өскемен қаласы СӨС қалыптастыру орталығы маманы:
Бүгін қаламызда салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Денсаулық қалашығы» акциясы өтіп жатыр. Бұл акция Өскемен қаласы әкімдігі, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, және біздің орталықтың қолдауымен өтуде. Бұл жерде қаламыздың тұрғындары келіп, денсаулықтарына бір уақыт көңіл бөлуге болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенетін болсақ, адамның денсаулығы 50 пайызға оның сүретін өмір салтынына байланысты екен. Сондықтан біз бүгін келген қала тұрғындарына салауатты өмір сүру принциптерін , қалай тамақтану керек, қалай дене белсенділігімен айналысу керек, қаншалықты өз денсаулығына көңіл бөлу керек екендігі туралы айтып жатырмыз. Осы тақырыпта Пушкин атындағы кітапхана ұйымдастырып отырған кітап көрмесіне қала тұрғындары келіп, көңіл бөліп, көріп, оқып, танысып жатыр. Бұл дегеніміз жерлестеріміздің өз денсаулықтарына бей-жай қарамайтындықтарының тағы бір дәлелі.

 

Балибаева Асель Алытнбекқызы - ШҚ Облыстық наркологиялық диспансер, психолог
Қазіргі уақытта біздің халқымыз,еліміз, мемлекетіміз ең бірінші ұлттың денсаулығына мән беріп отыр. Осы бағытта әр түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асуда. Бүгінгі СӨС Орталығының өткізіп отырған шарасы әрбір адамға, өте маңызды. Өйткені аурудың емін іздегенше, ауырмау керек. Әрбір адам, өзінің, отбасының денсаулығына үнемі көңіл бөліп денсаулыққа жауапкершілікпен қарау керек.

 

Байланысшы: Жансая Ашкенова

Байланыс тел.: 26-39-46 ішкі (119)

 

pljhjddmt 9 pljhjdmt 1 pljhjdmt 2 pljhjdmt 4 pljhjdmt 3
  pljhjdmt 5 pljhjdmt 6 pljhjdmt 7 pljhjdmt 8

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26331848
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102