homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВӨскемендегі Солтүстік -Қазақстан облысының мәдени Күндері
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Өскемендегі Солтүстік -Қазақстан облысының мәдени Күндері

Мәдени Күндер аясында Солтүстік-Қазақстан  облысының шығармашылық ұжымы  Шығыс Қазақстанға келді. Петропавл қаласынан  келген қонақтар кітапханаға келіп, барлық бөлімдермен танысты. Қонақтар қаламыздан алған әсерлерімен бөліскен еді.

Казенова Галия Конакбаевна, СҚО мәдениет, мұрағат және құжаттама Басқармасының ұйымдастыру бөлімінің  жетекшісі:

- Бүгін қалаларыңызға келгенімізге екінші күн,  керемет әсер алдық. Қала үлкен, әдемі ғимараттар, көпір, фонтандар. Мұражай мен саябақтар қандай керемет.  Кітапханаларыңыз туралы Кітапхана астанасы  өткізілген кезден  білемін.  Бүгін өз көзіммен көріп отырмын. Балалар секторы, компьютерлік курсар, әр түрлі жастағы оқырмандармен атқарылатын жұмыстар  барлығымен танысып жатырмыз.

Өз ісін жетік білетін мамандар. Бұның бәрі кабинеттердегі дәрістер мен ойындарға арналған әр түрлі бұрыштардың талғаммен безендірілуінен көрініп тұр.

Кітапханаларыңыз  тек республика көлемінде ғана емес, бүкіл әлемге танымал болсын. Шығармашылық табыс тілеймін, оқырмандарыңыз көбейе берсін!

Эльмира Мукушева, Петропавл қаласы, халық шығармашылығы Орталығының маманы:

- Өскемен қаласындағы Пушкин кітапханасы барлық бағыттары бойынша, заманауи және озық кітапхана. Бұл  21 ғасырдың кітапханасы. Бізді қарсы алған қызметкерлер талантты, өз істерін, жетік білетін мамандар екені көрініп тұр.  

Зауре Нурмуканова, СҚО мәдениет, мұрағат және құжаттама Басқармасы басшысының орынбасары:

- Бұл біз үшін өте танымдық сапар болды.  Көрген-білгендерімізді өзімізде бармен салыстыруға болады.

Мұндағы мемлекеттік рәміздер тауы, мұражай этнографиялық кешені ерекше әсер қалдырды.  

Кітапханаларыңыздағы балалар секторының жұмысы маған қатты ұнады. Бізде қуыршақ театры бар, сіздерде үйірме бар екен.

Ал бізге қуыршақ театры мен  кітапхана жұмысын біріктіру туралы ойластыруға болады.

Молдахметова Турсун Махметовна, СҚО мәдениет, мұрағат және құжаттама Басқармасының шығармашылық бөлімінің жетекшісі:

- Өскеменге бірінші рет келіп тұрмын.   Көп нәрсе таң қалдырады, бәрі де талантты адамдардың  қолынан шыққаны түсінікті. Кітапханада шығармашылық рух орнаған. Көп нәрсені қарап, үйренуге болады.  Біздің кітапханада  19 грант бар, ал сіздер 25 грант жеңіп алыпсыздар, 25 жұлдызды жетістіктеріңіз бар екен, бұл деген өте керемет .

Байланысшы: Жансая Ашкенова,  тел:213333, ішкі.119

gtnhjg 1 gtnhjg 2 gtnhjg 3 gtnhjg 4 gtnhjg 5 gtnhjg 6
gtnhjg 7 gtnhjg 8 gtnhjg 9 gtnhjg 10 gtnhjg 11 gtnhjg 12

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26338462
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102