homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВКітапхана кезекті қонақтарын қарсы алды
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Кітапхана кезекті қонақтарын қарсы алды

Қаламызда  АҚШ Мемлекеттік департаментінің Access  жобасы бойынша  үш күндік семинар өтуде. Access екі жылдық бағдарламасы аз қамтылған отбасы балаларына ақысыз ағылшын тілін үйреніп,  Америка мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді. Бағдарлама елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Біздің кітапхананың Америка бұрышы қалада ғана емес,   аймақтарда да жұмыс істейді. Ағылшын тілін үйрену жөніндегі әдебиеттер  қоры Риддер, Зырян, Үржар, Шемонаиха және облыстың басқа да елді мекендерді аралады. Семинарға қатысушылар кітапханаға келіп, барлық орталықтармен танысты. Олар қызығушылықпен  робототехника үйірмесін сондай-ақ,  3 -D бағдарлама принципі бойынша элементер  шығару туралы сұрады.Бибигуль Жамбыловна  қонақтарды  көру, есту қабілеті нашар жандарға арналған арнайы аппаратпен жабдықталған кабинет жұмысымен таныстырды.Салауатты өмір салтына арналған әдебиеттер мен тренажер залы қонақтарды таң қалдырды.Қонақтар кітапханада өткен семинар туралы өз әсерлерімен бөлісті.

Каримсаттар Салтанат - АҚШ Мемлекеттік Департаментінің  Access бағдарламасы оқытушы, Жезқазған қаласы:

-  Семинардан алған әсерім керемет. Біз америкалық әріптестерімізден оқып, үйреніп жатырмыз.  Бүгін бізге Марк Дорр, Лиана Вайтайгер, Лорен Стикель  дәріс берді. Біз  ағылшын тілін үйретудегі американдық жаңа әдіс-тәсілдерді үйрендік.

Пушкин кітапханасын бәрін тамаша ұйымдастырған. Мұнда кітаптар ғана емес, Америка бұрышы, IT-Otau, ақпараттық технологиялар,  мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы бөлім де бар. Барлық кітапханаларда бұндай шығармашылық бағыт жоқ. Нағыз 21 ғасырдың кітапханасы.

Тахмина Амирханова – оқытушы, Семей қаласы:

- Семинардан алған әсерім өте жақсы. Тренигтерден үйренеріміз өте көп. Міне бүгін кітапханаға келдік. Бұл жер тек кітапхана ғана емес, қаланың , облыстың мәдени орталығы. Барлық жастағы адамдар үшін демалыс және оқыту орталығы.   Кітапхана назарында бірінші кезекте адамдар, олардың мүдделері мен қажеттіліктері.

 Байланысшы: Жансая Ашкенова, тел.: 261-333, ішкі: 119

 

fccctpp 1 fcctpp2 fcctpp3 fcctpp4 fcctpp6 fcctpp5 

 

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26331238
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102