"Орай шап" жинағының тұсаукесері
- Толығырақ
- Құрылды 24.06.2016 11:42
22 маусым күні Шығыс Қазақстан өнер музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына орай жарық көрген – "Орай шап" көтерілісі" жинағының тұсаукесері өткізілді.
Шілде айында басталған толқулар Қазақстанның барлық ауқымын қамтыған қарулы көтеріліске ұласты, оның аяғы қанды
қырғынға айналды. Торғай даласын Амангелді сарбаздары дүбірлетсе, Жетісуда 16 болысты құрап отырған албандар, Әулиеатада Аққөз Қосанов бастаған көтеріліс бас көтерді.
қырғынға айналды. Торғай даласын Амангелді сарбаздары дүбірлетсе, Жетісуда 16 болысты құрап отырған албандар, Әулиеатада Аққөз Қосанов бастаған көтеріліс бас көтерді.
Қазақстанның шығысында да патша жарлығына қарсы толқулар болды. Соның бірі – Өскемен уезіне қарайтын Ұлан жеріндегі алты старшын Тайынты болысы
ның азаматтары патша армиясының тыл жұмыстарына баруға қарсылық білдіріп, атқа қонды... Кітап осы тарихи оқиғаның жай –жапсарын баяндай отырып, Өтеміс елінен шыққан батыр, би, балуандар, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, Өтеміс шежіресі т.б жайлы сыр шертеді.
Бір елдің тарихы арқылы бүкіл қазақ даласының тарихын ашып көрсеткен, жанры жағынан энциклопедия деуге тұрарлық бұл кітаптың жас ұрпаққа берері мол. Тарихтың бүгінгі ұрпақ түгілі, аға буын өкілдері біле бермейтін ақтаңдақтарын ашып көрсеткен құнды еңбек.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26329622
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы