homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВТұтынушының құқығы кеңеюде
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Тұтынушының құқығы кеңеюде

Әрбір азамат күнделікті өмірде азық-түлік, тұрмыстық заттар сатып алу, қызметтерге тапсырыс беру, т.б. арқылы сатып алу –сату құқықтық қатынасына түсу арқылы тұтынушы болып табылады. Осы тауарлар мен  қызметтердің сапасы өмірден қарапайым қанағат алудың басты факторы ғана емес, тұтынушының денсаулығы мен жалпы өмір қауіпсіздігінің кепілі болып табылады. Соңғы жылдары өнімдер мен қызметтер нарығында сатушы мен сатып алушы арасында қатынастарға, сонымен  қатар тұтынушылардың құқықтарын қорғау тәсілдеріне қатысты мәселелерді зерттеуге деген теориялық қызығушылықты жоғарылату үрдісі байқалады. Бүгінгі таңда Қазақстан халқы тұтынушы нарығының қалыптасуының қоғамдық экономикалық дамуының ажырамас элементіне айналған кезеңін бастан кешіруде.

Тауар сатып алу не қызмет алу кезінде қиындық көрмеген адамды елестету қиын. Көптеген сатып алушылар қазір әлдеқайда сауатты және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңын  іс жүзінде қолданады.

2016 жыл 07 мамыр күні Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын  қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізілгенін бірі білсе, бірі білмесі белгілі, соның ішінде Қазақстан Республикасының 2010 жыл 04 мамыр күні жарияланған «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңы да бірқатар өзгертілді және толықтырылды.

Осы орайда 2016 жыл 07 мамырда өзгертулер мен толықтырулар еңгізілген «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы»  ҚР Заңының  толықтырылған 7 бабы 2 тармағына сәйкес «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сауаттандыру» мәселесіне жеке тоқталуды жөн көрдік.

Тұтынушыда тауарды иелену фактісін растайтын құжаттың болмауы (чектің)  оны шарттың жасалу фактісін немесе оның талаптарын растауда куәгерлердің айғақтарына сілтеме жасау құқығынан айырмайды делінсе, ағымдағы бапқа басқа да дәлелдеу құралдарына, оның ішінде фото және (немесе) бейнетіркеуге сілтеме жасау құқығынан айырмайтыны 18  бапта толықтырылды.

24-бапқа яғни, сатушының (дайындаушының, орындаушының) міндеттеріне қатысты келесі тармақтармен  өзертулер енгізіліп толықтырылған: «Тауардың бағалар заттаңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарына қойылған, көрсетілген құнына сәйкес сатушы (дайындаушы) сатуға міндетті, ал тұтынушы сатып алуға құқылы», «Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) фото-, бейнетүсірілімді қолдануға қатысты тұтынушылардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады»

Күнделікті тәжірибеде көптеген тұтынушылардың көкейіндегі сұрақтарды туғызатын сұрақтардың бірі ол тауар сапасын қосымша тексеру (экспертиза) жайында болатын.  Тауар сапасын қосымша тексерудің (экспертиза) құнын сатушы (дайындаушы) төлейді. Егер тауарды тексеру (оның сараптамасы) нәтижесінде тауардың кемшіліктері жоқ екендігі немесе кемшіліктер тұтынушының тауарды пайдаланудың, сақтаудың белгіленген қағидаларын бұзуы немесе үшінші тұлғалардың іс-әрекеттерінен не еңсерілмейтін күштің салдарынан тауар тұтынушыға берілгеннен кейін пайда болғаны белгіленсе, тұтынушы сатушыға (дайындаушыға) тексеру (сараптама) жүргізуге жұмсалған шығыстарды, сондай-ақ оны жүргізуге байланысты тауарды тасымалдауға жұмсалған шығыстарды өтеуге міндеттелді.   Тұтынушы сапаны тексеруге және тауарға сараптама жүргізуге өзі немесе өзінің өкілі арқылы қатысуға, сондай-ақ тауарды тексеруді (оның сараптамасын) өз есебінен жүргізуге құқылы деп 30 - бапқа да бірқатар толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.

 Әрине, тауарларды айырбастау немесе оған кеткен қаржыны қайтарып алу уақытына келетін болсақ,  тауарда табылған кемшіліктерді тұтынушының келісімімен сатушы (дайындаушы), егер шартта өзгеше мерзім белгіленбесе, тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде жоюға тиіс.  

 Тауардың кемшіліктерін жоюдың шартта айқындалатын мерзімі күнтізбелік жиырма күннен аспауы тиіс болса, егер тауарда табылған кемшіліктерді жою кезінде олардың мерзімінде жойылмайтыны айқын болған жағдайда, тараптар тауардың кемшіліктерін жоюға арналған мерзімді күнтізбелік он күнге ұзарту туралы қосымша келісім жасасуы мүмкін. Бұл ретте тауардың кемшіліктерін жоюға қажетті қосалқы бөлшектердің (детальдардың, материалдардың), жабдықтардың, маманның және басқалардың болмауы дайындаушыны (сатушыны) тауардың кемшіліктерін жою мерзімдерін бұзғаны үшін жауаптылықтан босатуға негіз болмайтынын еске сақтаған жөн.

Сатып алынған сапалы да, сапасыз да тауарларды енді тауарлық түрінің, тұтынушылық қасиеттерінің, пломбаларының, заттаңбаларының сақталуына-сақталмауына қарамастан, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстыруды немесе сатып алынған тауар үшін ақшалай соманы тұтынушыға қайтаруға сатушы (дайындаушы)  міндетті делінген. Егер де талап қойылған кезде сатушыда (дайындаушыда) ауыстыруға қажетті тауар болмаса, ауыстыру осындай талап қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүргізілуге тиіс.  

Әр тұтынушы бұл Заңдағы жаңа серпілістерді дұрыс әрі тиімді қолдана білсе ешқандай мәселе туындамайды. Қарапайым халық өз құқықтарын қорғап, сапалы тауар және қызмет ала алуы үшін тұтынушы ретінде сауатын нығайтқаны жөн.

Мақаланы әзірлеген: «ҚР ҰЭМ ТҚҚ Комитетінің ШҚО ТҚҚ Департаментінің Өскемен қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы»  РММ жетекші маманы Қауысова Айгуль Қалибекқызы.

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26333865
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102