homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Үздік стендтік баяндама ИФЛА 2016» номинациясын А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы иеленді
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Үздік стендтік баяндама ИФЛА 2016» номинациясын А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы иеленді

А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының (http://www.pushkinlibrary.kz) стендтік баяндама постері Бүкіләлемдік кітапханалық және ақпараттық конгресс: ИФЛА-ның (Кітапханалар мен кітапханалар ассоциациясының Халықаралық федерациясы) 82-Конференциясында үздік стендтік баяндама деп танылды. Ол жайында ақпарат ИФЛА сайтында берілген (http://www.ifla.org/node/10821). Бұл әлемдік кітапханалық қоғамдастыққа ұсынылған Қазақстанның кітапхана ісі тарихындағы тұңғыш баяндама-постер. Конгресс 2016 ж. 14-19 тамыз аралығында Колумбус қаласында өтті (штат Огайо, АҚШ). Әлемнің түкпір-түкпіріндегі кітапханалардан барлығы 205, соның ішінде ТМД елдері: Қазақстан мен Ресейден - 2 стендтік баяндама қорғалды.

Стендтік баяндама-постер тақырыбы – «А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының оқырман-көшбасшылары». Онда Шығыс Қазақстан ауылдық кітапханаларында сәтті түрде жүзеге асып жатқан «Ауыл кітапханаларындағы онлайн орталықтар» жобасы сипатталған. Аталған жоба 2012 жылы БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен, жергілікті үкімет органдарымен бірлесе отырып бастау алып, 32 ауылдық онлайн-орталық ашылған. 2016 жылы онлайн орталықтың саны 45-ке жеткен. Мұнда ауыл тұрғындары базалық компьютер және интернет сауаттылыққа үйреніп, электронды үкімет порталымен танысып, мемлекеттік қызметтерді онлайн пайдаланып, А. С. Пушкин атындағы кітапхана заңгерімен, бизнес-кеңесшілермен онлайн кеңес алып, қарым қатынас жасау үшін Скайп бағдарламасын меңгеріп үйренеді. Жоба аясында облыстық және аудандық кәсіпорындарды дамыту бөлімдерімен бірлесе отырып, бизнес жоспарлау жөнінде семинарлар өткізіліп, іс-әрекеттегі және жаңадан бастаушы кәсіпкерлерге кеңестер беріледі. 2012-2016 жж. аралығында кітапханалық онлайн-орталықтарда – 41 365 ауылдық пайдаланушы тіркелген, жергілікті тұрғындарға – 6 741 АКТ-тренинг пен семинар өткізілген. 2016 ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. К. Ахметовтың барлық ауылдық кітапханаларға Интернет желісін қосу туралы Қаулысы шықты. Аталған жобаны жергілікті үкімет органдарының қолдауы – оның үздіксіз әрекет етіп, ары қарай дами түсуіне ықпал етері сөзсіз.
Бүкіләлемдік конгресске қатысушылар баяндама-постерге өз пікірлерін қалдырды. Солардың бірнешеуін келтіре кетейік: «Керемет жұмыс! Ары қарай жалғастыра беріңіздер! Энни, АҚШ», «Оқырман-көшбасшы. Керемет тіркес!», Перри Морэ, ИФЛА-ны ұйымдастыру комитеті өкілі. «Тамаша бастама! Мен бірнеше күнге Қазақстанға барып қайтуға үміттенемін» және т.б. 18 тамызда Бүкіләлемдік кітапханалық және ақпараттық конгресстің жабылу салтанатында ИФЛА Президенті Донна Шидер мен ИФЛА-ның Кәсіби комитетінің төрайымы Мария Карме Торрас А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасына «Үздік стендтік баяндама» номинациясын табыстады. Бұл жеңісті кітапхана Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнайды. Құттықтаймыз!

cntyl 3 cntyl 2 cntyl 1

Шағиева Б.Ж., тел.: 267174,

Валентина Райхель, тел.: 261 333, ішкі: 119

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26342096
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102