А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының оқырман-көшбасшылары
- Толығырақ
- Құрылды 31.08.2016 14:43
Кітапхана оқырмандары, ұжымы және Еуразия телеканалы, бәрі, бәрі бүгін 82-Халықаралық конференция қатысушыларын қарсы алды. Аталған Конгресс 14-19 тамыз аралығында Колумбус қаласында (штат Огайо, АҚШ) өткен болатын. Кездесу бүкіл әлемге танылған ІТ-Отауда өтті.
А. С. Пушкин атындағы ШҚО кітапхана директоры Қабиба Ақжігітова біздің ұжымның жеңісі және оның Қазақстан үшін маңыздылығын атап өтті. Халықаралық конференция қатысушылары Бахтылы Рахимбаева мен Әсем Екімбаева өздерінің алған әсерлерімен бөлісті.
А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының (http://www.pushkinlibrary.kz) стендтік баяндама постері Бүкіләлемдік кітапханалық және ақпараттық конгресс: ИФЛА-ның (Кітапханалар мен кітапханалар ассоциациясының Халықаралық федерациясы) 82-Конференциясында үздік стендтік баяндама деп танылды. Ол жайында ақпарат ИФЛА сайтында берілген (http://www.ifla.org/node/10821). Бұл әлемдік кітапханалық қоғамдастыққа ұсынылған Қазақстанның кітапхана ісі тарихындағы тұңғыш баяндама-постер. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі кітапханалардан барлығы 205, соның ішінде ТМД елдері: Қазақстан мен Ресейден - 2 стендтік баяндама қорғалды.
18 тамызда Бүкіләлемдік кітапханалық және ақпараттық Конгресстің жабылу салтанатында ИФЛА Президенті Донна Шидер мен ИФЛА-ның Кәсіби комитетінің төрайымы Мария Карме Торрас А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасына «Үздік стендтік баяндама» номинациясын табыстады. Бұл жеңісті кітапхана Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнайды.
Байланысшы: Валентина Райхель, тел.: 261 333, ішкі.:119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26335383
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы