homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВБір ел - Бір кітап
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Бір ел - Бір кітап

Құрметті оқырмандар! Сіздерді қазақтың ұлы ойшыл ақыны Дулат Бабатайұлының (1802 - 1871) поэтикалық туындыларын оқуға шақырамыз. Ақынның «Өсиетнама» кітабы биылғы жылы «Бір ел-Бір кітап» акциясы аясында ел болып оқуға таңдалып алынды.

Осыған орай біздің кітапхана мамандары  арнайы әдебиеттер көрмесін ұйымдастырды. Білім күні Дулат Бабатайұлының  өлеңдерін оқырмандарымыз қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде  мәнерлеп оқыды. Үздік деп танылған көремсөз оқу шеберлері бейнекамераға түсіріліп, кітапхана сайтында, әлеуметтік желілерді жарияланды. Акция жалғасын табуда, ақын шығармашылығымен танысып, өлеңдерін оқығыңыз келсе кітапхана есігі әрқашан ашық.

Дулат Бабатайұлы Семей облысы, Аягөз ауданында дүниеге келген. Дулат ақын Абайға дейінгі поэзияда көркем ойлау жүйесінің жаңаша үлгісін тудырып, ұлттың әлеуметтік үнін, халқының азаттығын жырлауда замандастарынан даралық танытқан. Ақын шығармашылығы біз «Зар заман әдебиеті» деп бөліп қарастырып жүрген әдеби ағымның көш басында тұр.  Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Айналасындағы әр алуан өмір құбылыстарына  үңіле қарап, олардан келешек үшін керекті бір қорытынды шығармақ болған ойшыл жырау өмірмен, адам тіршілігімен байланысты көп мәселелерді сөз етеді: адамгершілік, жақсылық-жамандық, достық-қастық, бірлік-алауыздық, семьядағы қарым-қатынас, тәлім-тәрбие мәселелерін қарастырған. Өзіне дейін талай қозғалған бұл мәселелердің негізгі құнарлы нәрін жинақтап, әдемілеп, жаңаша жырлап  поэзия тіліне айналдырды.

 Құрметті оқырмандар!  Дулат Бабатайұлының шығармашылығымен танысыңыздар! Келіңіздер, жыл кітабын бірге оқиық! 

ffnfq 1 ffnfq 2 ffnfq 5 ffnfq 3 ffnfq 4 ffnfq 6

 -liter.org.ua/kaz/content/1190279016

Байланысшы: Жансая Ашкенова Тел.:261 333,ішкі.:119

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26335127
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102