homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«РЕСЕЙ-ҚАЗАҚСТАН. ШЕКСІЗ ОҚУЛАР»
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«РЕСЕЙ-ҚАЗАҚСТАН. ШЕКСІЗ ОҚУЛАР»

Екінші жыл қатарынан Шығыс Қазақстан облысының шекаралық аудандарының балалары мен жасөспірімдеріне арналған  «Шексіз оқулар» ұзақ мерзімді жобасы аясында тамаша іс-шаралар өткізілуде. Жоба Ленинград облыстық балалар кітапханасының бастамасымен Ленинград облысы Үкіметінің «Шетелде тұратын отандастармен ынтымақтастық» бағдарламасы аясында Санкт-Петербург жазушылар одағының, ДЕТГИЗ, РОЗОВЫЙ ЖИРАФ, КомпасГИД, САМОКАТ, РЕЧЬ, ФОРДЕВИНД, БЕЛАЯ ВОРОНА баспаларының  қолдауымен жүзеге асып отыр.  

Жобаның мақсаты – ресейлік жазушылар және баспагерлермен ынтымақтастық негізінде замануи әдеби орта құрып, Ленинград және Шығыс Қазақстан облысы  балаларының шығармашылығын  заманауи әдеби мәдениетке біріктіру. Жоба аясында, кішкентай  оқырмандарымыз орыс жазушыларымен, суретшілерімен кездеседі, сонымен бірге, кітап мерекелері, шығармашылық студиялар, сайыстар ұйымдастырылады. Барлық іс-шаралар 2015-2016 ж.ж. жарық көрген балаларға арналған үздік кітаптар көрмесінің жанында өтеді. Шындығында да, бүкіл жобалық қызмет Ленинград және Шығыс Қазақстан облыстарының бірлескен табысты кәсіби қызметіне бағытталған. Яғни, орыс халқының жаңа ұрпағының Ресейдің  дәстүрлі және қазіргі заманғы мәдениеті мен көпұлтты Қазақстан балаларының  ұлттық сәйкестігі туралы диалогтың өзекті мәселелерін қолдайды.     

Биылғы жылғы іс-шара 13 қыркүйек күні А.С.Пушкин атындағы кітапханада кітапханашыларға арналған «СОВРЕМЕННЫЙ МИР ДЕТСКОГО ЧТЕНИЯ» шығармашылық шеберханасынан бастау алады. Автор және жүргізуші – жоба координаторы, Ленинград облыстық балалар кітапханасының бас маманы Степанова Людмила Валентиновна. Сондай-ақ, балалар жазушыларының, суретші, баспагерлердің қатысуымен онлайн кездесу өтеді.

15-17 қыркүйекте жоба Шемонаиха қ. жалғасып,  Шемонаиха балалар кітапханасында «Ашық оқулар» / «ОТКРЫТОЕ ЧТЕНИЕ»  Халықаралық ресейлік балалар кітабы Орталығы ашылады. Бұл жерде Ленинград облысы Үкіметінің қолдауымен сыйға  тарту еткен «ОТКРОЙ МИР И ВРЕМЯ КНИЖНЫХ ГЕРОЕВ! 2016» балалар кітаптарының көрмесі ұсынылады.
Бұл топтама Халықаралық Орталық қорының негізін қалайды. Сонымен қатар мектеп және балалар кітапханашыларына, мұғалімдерге арналған «ДЕТСКАЯ КНИГА, КАК СОБЫТИЕ» шеберлік-сыныбы балалар мен жасөспірімдерге арналған «ВОКРУГ ДЕТСКОЙ КНИГИ»  оқырман форумы, онлайн кездесулер өтеді. Бағдарламада: «ЗДРАВСТВУЙТЕ! ОТКРОЕМ КНИГУ ВМЕСТЕ!» акциясы, жазушы, суретшілермен онлайн кездесу,
КНИЖНЫЙ ГЕРОЙ И Я» оқырман студиялары, «ПРИКЛЮЧЕНИЯ С КНИГОЙ» - көркемсөз оқу сайысы, квест, Я! МОГУ УДИВИТЬ И ОБРАДОВАТЬ КНИГОЙ!» - сурет салу мен әңгіме айтудан сайыс өтеді.

19-20 қыркүйекте ОТКРОЙ МИР И ВРЕМЯ КНИЖНЫХ ГЕРОЕВ! 2016» көрмесі  жоба үйлестірушісі Л.В. Степанованың қатысуымен жақын аудан  кітапханаларына саяхатхатқа шығады деп жоспарланып отыр.

Анықтама тел.: .: 267174, Шагиева Б.Ж. А так же, тел:8(812)552-33-17,
www.deti.spb.ru vk.com/kidslibrary_lodb, facebook.com/Kidslibrary

Степанова Людмила Валентиновна
194021, Санкт-Петербург, Тореза, 32

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26335127
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102