homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВТарих беттерінен. Австриялық жол
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Тарих беттерінен. Австриялық жол

Кітапханда Руслана Брендлдің «Австрийская дорога» фильмінің тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге мұражай, театр қызметкерлері, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының өкілдері, журналистер және тарих факультетінің студенттері келді. 

Австриядағы Қазақстан Елшілігі 1914-1920 жылдардағы Бірінші дүниежүзілік соғыс кездеріндегі Като-қарағай – Марқакөл аудандарындағы жол құрылыстарында жұмыс істеген австриялық тұтқындар туралы деректі фильмді көрсетуді ұсынды.
Австриялық әскери тұтқындар салған жолдар туралы фильмді біз кино авторларымен бірге тамашаладық. Шығыс Қазақстанда екі ауданды қосатын ескі жолды тарихи-мәдени, табиғи және тіпті адами еңбексүйгіштік ескерткіші деп атайды. Жергілікті халық тіпті австриялық деп атап кеткен.
Фильмнің режиссері Руслана Берндл фильміне неліктен осы тақырыпты алғаны туралы сауалға жауап берді:
- 2007 жылы мен Шығыс Қазақстанда болдым. Менің жұмыс барысында әдебиет институтында тұсаукесерім болды. Менің қолыма Германияда басылып шыққан нұсқаулық түсті. Онда осы жол туралы «Австрийская дорога, дорога не для слабых нервов» деген екі ауыз сөз жазылған екен. Осыдан бастап менің ізденістерім басталды. Мені әрқашан ашылмаған тақырыптар қызықтырады. Мен Вена қаласындағы тарих институтының докторантымын, бұл тақырыптың мені қызықтырғаны бұл жолдар туралы ешкім білмейтін. Маған 30 соғыс тұтқынының зираты бар екені мәлім болды. Содан кейін мен оларды ұрпақтарын таптым, әзірге фильмде біреуі ғана. «Математиканы білмеген адам, қаржылық шығынға ұшырайды » дейді немесе тарихты білмеген жерінен айырылады деп айтуға болады. Шын мәнінде бірінші дүниежүзілік соғыстың тарихының қыр-сырын көпшілік біле бермейді, екінші дүниежүзілік соғыспен шатастырады. Фактілер бұрмаланғандықтан тіпті тарихшылардың өзі шатастырады. Менің фильм жасауда көптеген нұсқалар болды, бірақ-та мен осы жолдармен жүріп, фактілерді табуды таңдадым. Менде Өсеменде болған, соғыс тұтқындарының тізімі бар, бірақ осы жолды салған адамдардікі жоқ. Қазір менде фамилияларымен толық тізім бар. Тұсаукесерден кейін тағы олардың бірінің ұрпағын тапқандаймын, бірақ, толық дәлел жоқ.
Андрей Кратенко, журналист:
- Мен осы тақырыпты зерттеп, сол жолдармен өзім де жүрдім. Бірақ, көрсетілімнен кейін көп өзім үшін көп жаңалық аштым. Катон-Қарағайдағы Алтай ауылында австриялықтар орналасқан екен. Мені таң қалдырғаны оларды онда ешкім күзетпеген, емін-еркін өмір сүрген. Мен фильмде қандай-да бір адамның нақты тағдырын көрмедім. Мүмкін біреуінің болса да Австрияда тамыры қалған шығар деп үміттенген едім. Тарих әрқашан да қызық қой, әсіресе ашылмаған фактілер.
Естеріңізге сала кетейін, 2010 жылы соғыс австриялық тұтқындар ізімен жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері жүрген еді.

abkmv 1 abkmv 2 abkmv 3 abkmv 4   abkmv 5
abkmv 6
                                                      Контактное лицо: Валентина Райхель, тел. 261333, вн. 119

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26335383
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102