"Телқара" клубы ашылды
- Толығырақ
- Құрылды 20.09.2016 11:01
Қаламызда ақын болам деген талантты жастар жетерлік. Осы орайда үнемі жастарды қолдап, демеп жүретін кітапханамыз жас ақындар үйірмесін ашты.
Өткен сенбіде үйірменің алғашқы отырысы өтіп, жастар үйірмеге ат таңдады. Олар бір ауыздан клубтың атын «Телқара» ("Телқара" Абайдың аналары қойған екінші аты) деп қоямыз деген шешімге келді. Кейіннен ақындар тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай бірнеше тақырыптарға өлең жолдарын құрап, әркім өзінше өздерін таныстырып, әлеуметтік желілерге тіркелді.
Алдағы уақытта үйірме мүшелері облысымызға танымал ақын-жазушылармен кездесіп, олардан шеберлік сабақтар алып, ақындық шеберліктерін одан ары шыңдап, жастар арасында кітап оқуды насихаттамақ.
Әр жексенбі 15:00-де ақындыққа қызушылығы бар жастарды «Телқара» клубы күтеді.
Байланысшы: Құдайбергенова Н. К. тел: 26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26335127
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы