«Мәңгілік ел жастары - индустрияға» -«Серпін -2050»
- Толығырақ
- Құрылды 22.09.2016 18:47
«Мәңгілік ел жастары - индустрияға» «Серпін -2050» республикалық әлеуметтік бағдарламасының студенттері кітапханаға қонаққа келді.
Кездесуге қоғамдық бірлестіктердің төрағалары, қалалық жергілікті өзін-өзі басқару кеңесінің өкілі Серік Оразбаев, ҚММ «Жастар ресурстық орталығы» директоры, қалалық мәслихат депутаты Ринад Ахметжанов, «Жас Отан» жастар қанатының Шығыс-Қазақстандағы филиалының төрағасы Бақыт Маржан әкімдігінің КГУ» келді .
Кітапхана мамандары қонақтарды кітапхананың қызметі мен ресурстарымен таныстырды. Олар жастар интеллект орталығы, оқу залы,шеберлер мектебінде болды. Студенттер орыс, қазақ, ағылшын, француз тілдерінен өтетін ақысыз курстарға ерекше көңіл бөлді. Келіңіздер, оқыңыздар!
Сондай-ақ, кітапхана сайтымен, «Біздің Абай» http://irbis.pushkinlibrary.kz электрондық кітапханасымен танысты.
Ахметжанов Ринад ҚММ «Жастар ресурстық орталығы» директоры, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты:Бүгінгі кездесудің мәні «Серпін 2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, оңтүстік өңірлерден оқуға келген студенттерге мемлекеттік бағдарламаларды, олардың құқықтарын түсіндіру болып табылады. Студенттердің саны 400-ден асады. Бірінші курс студенттері.
Біздің міндетіміз олардың бейімделу кезеңінен өтуіне көмектесу. Біз қаланың жоғары оқу орындарында болып қайттық. Олар қаланың көрікті жерлерімен танысуға ниет білдірді. Осыған байланысты біз бүгін облыстық кітапханаға келдік. Кітапханада білім алып, бос уақытты пайдалы өткізуге барлық жағдай жасалған. Шет тілдерін үйреніп, интернетті пайдалануға болады. Кітапхана сайтының жұмысымен танысып, Өскемен туралы фильм тамашаладық. Студенттерге бәрі ұнады, олар кітапхана оқырманы болып жазылып жатыр.
Ал, біз жаңа оқырмандардың біздің кітапхананың достары болатынына сенімдіміз!
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341897
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы