«Оралған қараторғайым»
- Толығырақ
- Құрылды 23.09.2016 15:12
Катонқарағай ауданының Еңбек ауылының тумасы Майра Қабимолдина апайымыз «Оралған қараторғайым» атты кітабын біздің кітапханаға сыйға тартты.
Жырдан қалап сәулет салам өзіме,
Ұрпақтарым құлақ түрсін сөзіме
Ілескенде қайтпас сапар көшіне
Дала сазы жүрегімде, сезімде,- деп Майра Қабимолдина жырлағандай кітап автордың тұңғыш кітабы болғанымен кітаптағы өлеңдер машықтан туған өлеңдер емес, нағыз ақынның өлеңдері.
«Өр Алтай», «Рахман қайнары», «Теңбіл бұғы», «Мұзтау» атты өлеңдерінде тереңдік пен сұлулықты ұштастыра білген, тұмса табиғатқа деген перзенттік пәк махаббат сезіліп төгіліп тұрады. Мұндай жырлардың жастар жүрегіне отты сезім оялатып, өмірге құштарлық үмітін оятады. Ақынның қай өлеңін алсаңда отансүйгіштік рухы, туған жерге деген сағынышы менмұндалап тұрады.
Кітаптың үшінші бөліміне "Тік мүйізді жануар", "Көккөл", "Алыс ауыл мектебі", "Майданға кеткен ағайым" атты әңгімелері топтастырылған. Әңгімелерінде соғыс кезінде туған замандастарының соғыстан кейінгі балалық өмірлері суреттеледі. Ендеше, осы кітапты оқыңыздар! Автормен сұхбатты мына сілтеме арқылы көре аласыздар https://www.youtube.com/watch?v=YxqNDnnL5V0
Бас кітапханашы: Уалханова Рақия Нұралықызы
Контактное лицо: Валентина Райхель,тел.:261 333,вн.:119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339157
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы