Біліктіліктерін көтерген ұстаздар кітапханада
- Толығырақ
- Құрылды 28.09.2016 10:48
27 қыркүйек күні Біліктілікті көтеру институтынан келген мұғалімдер «Инклюзивті білім беру» атты ақпараттық семинарға қатысты. Қазіргі кезде Инклюзивті білім беруге үлкен мән берілуде. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Семинар барысында мұғалімдер кітапханаға саяхат жасап, кітап көрмелеріне шолу жасалынды.
Арнайы даярланған бағдарлама бойынша ұстаздар кітапхананың жаңартылған сайтымен, тақырыптық интернет-ресурстарымен танысты.
Кітапхананың бас маманы Құдайбергенова Нургуль кітапхана сайтын көрсетіп, ресурстарымен таныстырды ал Кемешева Меруерт болса Интернет желісіндегі Инклюзивті білім беруге байланысты интернет ресурстарын көрсетті.
Өлкетану секторының бас кітапханашысы Слямова Зиза Мұқтарханқызы сайттың өлкеге байланысты бөлімдерімен таныстырды. Есімдер дерекқоры, Біздің Абай электрондық кітапханасы мұғалімдердің қызығушылығын тудырды.
18 мұғалім кітапханаға жазылып келешекте кітапханамен тығыз байланыста болып, өз сабақтарына пайдалануға ниет білдірді.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338462
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы