Қазан айындағы қос мереке
- Толығырақ
- Құрылды 28.09.2016 16:36
Қазан айының алғашқы аптасы тоғысқан қос мереке: қарттар күні және ұстаздар мерекесімен басталатыны баршамызға мәлім. Осы мерекелерге орай бүгін бізде №35 мектептің ұстаздары мен ата-аналары, ата-әжелері және оқушылары қонақта болды. Алғашқы кездесуді кітапханамен таныстыру мақсатында экскурсиядан және оқушылардың кітапханаға жас оқырман болып жазылуынан бастадық.
Бала тәрбиесіндегі маңызды саланың бірі - оларды сыйластыққа, ізеттілікке баулу, үлкендер мен қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу екені белгілі. Сондықтан да бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тәрбиелік маңызы өте зор деп білеміз.
Кешіміздің бастамасы қарттар мен ұстаздарға арналған ыстық лебіздерден, жалынды музыкалық сәлеммен басталды. Сонымен қатар кеш барысында ата-аналарға және балаларға арналған шағын ойындар ойналды. Балалардың ата-әжелеріне арнап дайындап келген ән тақпақтары, өлеңдері айтылды. Кеш соңында «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымына ұстаздардың әнұранына айналған «Ұстазым менің ұстазым» атты әні шырқалды. Кітапханашылар атынан осы сыныптың жетекшісі Асем Қалкешқызына гүл шоғы ұсынылды.
Байланысшы: Жахып Н.
тел: 26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338002
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы