homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВЖастар Ольга Рыпаковамен кездесті
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Жастар Ольга Рыпаковамен кездесті

5 қазанда кітапхананың мәжіліс залында жастар олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковамен кездесті. Кездесуді ұйымдастырушылар – Өскемен қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі, жастар орталығы және кітапхананың жастар-интеллект-орталығы. Жастар кітапхананың кіреберісінен чемпионды құттықтауларымен қарсы алды.

Кітапхана директорының орынбасары Абенова Бахтина қонақты кітапханамен таныстырып өтті. Әр бөлімде Ольганы жастар мен балалар қарсы алды. Барлығы оны асыға күтіп, ерекше бір нәрсені күткендей. Ал, ол барлығын жылы шырайымен мейірімімен қайран қалдырды.

Мәжіліс залында спортшыны жастар: «Алақай! Ольга! Біз сізбен біргеміз !!! деген сөздермен қуанышты қарсы алды. Ольга Сергеевна жастардың сұрақтарына жауап берді. Бір сұрақ назардан тыс қалған жоқ. Ол, барлық тілек білдіргендерге өз қолтаңбасын қойып, суретке түсті.
Ольга кітапхана сайты үшін де сұрақтарға жауап берді. Сіз үшін кітапхана нені білдіреді деген сауалымызға ол күлімсіреп былай деді:
Кітапхана - жеке әлем. Бұл шексіз білім, кітапханада әрбір адам үшін қызықты және пайдалы ақпарат көп. Бұл сиқырлы әлем, егер оған сүңгіп кетсеңіз, әркім өзі үшін бір нәрсе таба алады.
- Сіз үшін ең бастысы не - спорттық карьера, жұмыс, отбасы?
- Мен үшін отбасым, балаларым әрқашан бірінші орында. Маған сіз осындай жақсы нәтижелерге жеткен кезде екінші баланы дүниеге әкелуді кейінге қалдырсаңыз қалай болады? деген сауалдар да қойылған кездер де болған.
Бірақ мен, жоқ, бірінші кезекте мен әйелмін, ана болғым келеді дедім.- Адамдарда қандай қасиеттерді бағалайсыз?
- Адалдық, махаббат, мейірімділік. Ең негізгісі осылар деп ойлаймын. Бір-бірімізді жақсы көрсек, өмірде айналысатын ісімізді жақсы көрсек. Махаббат ,менің ойымша, кез келген жетістігіміздің негізі болып табылады.
Директордың орынбасары Бахтина Абенова Ольгаға кездесу үшін алғысын білдірді:Кітапхана атынан, оқырмандар атынан біздің сұлу, ақылды, спортшы қызымызға осындай керемет кездесу үшін алғысымызды білдіреміз. Сізге денсаулық, отбасыңызызға бақыт тілейміз! Бізбен бірге болыңыз! Сіз біздің мақтанышымызсыз!

hsgfrjdf 1 hsgfrjdf 2 hsgfrjdf 3 hsgfrjdf 5  hsgfrjdf 4 olqa
Байланысшы: Жансая Ашкенова, тел.:261 333,ішкі.:119

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26341897
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102