«Тәуелсіздік белестері: Шығыс Қазақстан»
- Толығырақ
- Құрылды 07.10.2016 11:14
Астанадағы ШҚО күндері аясында 8 қазан күні сағ.15.00-де Ұлттық академиялық кітапханада «Тәуелсіздік белестері: Шығыс Қазақстан» атты көрменің презентациясы өтеді. Көрме облыстың түрлі саладағы жетістіктерін әдебиеттер, фотосуреттер мен түрлі ақпараттық материалдар арқылы баяндайды.
Еліміздің әрбір өңірінің өз ерекшелігі бар, әрі олар республикамыздың экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосуда. Инновациялық күш-қуатымен танымал Шығыс Қазақстан облысы, тәуелсіздік жылдары да сындарлы жетістіктерге қол жеткізді. Статистика бойынша, еліміздің Шығыс аймағында Қазақстанның инновациялық өнімінің бестен бір бөлігі өндіріледі. Бұл – осыдан бірнеше жыл бұрын республиканың инновациялық дамуына Өскемен қаласында серпін берген Президент бағыт-бағдарына қолдау береді - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. Көрме ерекше позитивті әсер, сондай-ақ, өңірдің экономика және бизнес жетістіктерімен танысу мүмкіндігін ұсынады. Көрме бөлімдерінен кітаптармен бірге, бизнес және кәсіпорын өнімдерінің үлгілері орын алған.
Экспозиция материалдары облыс туралы 25 қызықты дерек, 25 аңыз-әңгіме, 25 тартымды орын, 25 кітапханалар жетістігімен таныстырады.
Тәуелсіздік жетістігінің ең маңыздысы – елімізде тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік беретін этникааралық келісім мен толеренттылық екені сөзсіз. Елдің тұрақтылығын сақтауға ғалымдар, жазушылар, өнер адамдары мен спортшылар үлкен үлесін қосты.
Олармен таныстыру, есімдерін атау, еңбектерін тізбелеу – осы көрменің және ұйымдастырушылардың негізгі миссиясы.
Көрме презентациясына облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, шығысқазақстандық ақын-жазушылар қатысады.
Осы күндері А.С.Пушкин атындағы кітапхана мамандары Назарбаев университеті, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттері және орталық қалалық кітапхана оқырмандары алдында екі жаңа жобаның презентациясын өткізеді: «Біздің Абай» электрондық кітапхана және «Қайым Мұхамедханов» электрондық көрсеткіші. Ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығы, ақынның әр жылдары, әр тілде және әлем елдерінде жарық көрген еңбектері «Біздің Абай» толықмәтінді электронды кітапханада жинақталған және әлемнің кез-келген нүктесінен пайдалануға болады. Шығыс Қазақстан кітапхана мамандарының күшімен бүкіл Абайды – бір «кликпен» пайдалану мүмкіндігі пайда болды.
«Қайым Мұхамедханов» электрондық көрсеткіші – Қазақ ССР-інің алғашқы гимнінің сөзін жазған автор, абайтану негізін қалаған ғалымның 100 жылдық мерейтойына орай құрастырылды. Қайым Мұхамедханов есімімен байланысты 1200 еңбек алғаш рет жинақталып, бір ізге түсіріліп оқырмандарға ұсынылды.
Байланысшы: Харламова Наталья Борисовна, тел. 8 723 2 261333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338216
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы