Оқы, үйрен, өй-өрісіңді дамыт!
- Толығырақ
- Құрылды 11.10.2016 17:04
Біздің кітапханаға күнделікті мыңнан астам адам келеді. Өкінішке орай, олардың көпшілігі кітапхананың барлық қызметі мен ресурстарын біле бермейді. Бүгін біз сіздерді кітапханамыздың балалар мен жасөспірімдерге арналған қызмет түрлерімен таныстырамыз. Ең бірінші біз барлық балаларды кітап оқуға шақырамыз.
Ендеше саяхатымызды кітапхананың балалар секторы, жастар интеллект-орталығы, Халықаралық ресурстар орталығынан бастаймыз.
Балалар бөлімінде балақайлар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйреніп, шығармашылықтарын дамытып, түрлі-түсті қағаздан бұйымдар жасап, ертегілер мен аңыздар кейіпкерлерімен танысады. Кішкентай оқырмандарымыз үшін «Кел балалар оқылық», «Түрлі-түсті палитра», «Қуыршақ театры», «До-ми-солька» үйірмелерінің есігі әрқашан ашық.
Бүгінде барлығы фотоға түсірумен әуестенеді. Селфи жасау сәнге айналды. Бірақ, барлығында бірдей композициялық дұыс сауатты фотосурет шыға бермейді.
Фото әдемі де шынайы шығу үшін не істеу қажет? «Эксклюзив» фотоүйірмесіне келіңіз, алғашқы фото немесе бейне репортажыңызды жасауға Валентина Райхель көмектеседі.
Жастар интеллект-орталығында біздің мамандар робототехника мен бағдарлама жасаудан арнайы сабақтар береді. Қазіргі заман талабына сай техниканың мүмкіндігін оқып, үйрену жастар үшін өте маңызды. Зейінін дамытып, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіс-ке жетуге деген ерік-жігерін қалыптастырғысы келген ұл-қыздарды «Чемпион» шахмат клубына шақырамыз. Ал, компьютерлік сауаттылық курстарына кез-келген жастағы оқырмандарымыз жазыла алады.
Халықаралық ресурстар орталығы шет тілдерін үйретуде ең үздік орын деп айта аламыз. Мұнда ағылшын, неміс, француз тіліндегі кітаптар, журналдар мен видеолар. Клубтар, дәрістер, семинар-тренингтер, кездесулер, мерекелер түрлі елдердің тарихы, мәдениеті және салт-дәстүрімен таныстырады. Барлық курстар, тренингтер, үйірмелер ақысыз. Кез келген сауалыңызға жауап алғыңыз келсе, кітапхана сайтына www.pushkinlibrary.kz кіріңіз
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339994
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы