homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВӨз қалаңды жаңа қырынан таны...
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Өз қалаңды жаңа қырынан таны...

Үшкүндік семинар өз мәресіне жетті. Туризм саласының мамандары, ЖОО студенттері біздің кітапханада өткен воркшопқа қатысты. Дэннис Кин қатысушыларға шетелдік туристерге арналған «Walking Almaty» («Прогулка по Алмате») еңбегін ұсынды. 
Бұл жоба фотосуреттерге өте бай. Автор Алматының әдемі жерлерінің, қала тұрғындарының өздері сирек назар аударатын ерекше жерлерінің керемет фотосуреттерін ұсынды.

Естеріңізге сала кетсек, семинарды АҚШ Елшілігі Қазақстан мен Американың дипломатиялық қарым-қатынастарының 25 жылдығын атап өту аясындағы іс-шаралар аясында өткізіп отыр. Мақсаты - Қазақстан мен АҚШ арасындағы мәдениетаралық диалог пен ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ Қазақстандағы туризм секторын дамытуға қолдау көрсетуге бағытталған.Дэннис Кин, руководитель и ведущий семинара:
- Өскеменге келгеніме үш күн ғана болды. Бірінші турды біз қаланың орталығынан бастап, кеше топ мүшелерімен Аблакетка кентінде болдық. Ал. Бүгін менің өзім ашық аспан астындағы этномәдени мұражайда болып қайттым.
Маған ұнағаны Өскеменде тарихи жерлер, керемет мұражайлар, тарихи ескерткіштер өте көп.Қандай кітап оқығанды ұнатасыз деген сұраққа Деннис: « Мені әрқашан тарихи тақырыптар, деректі кітаптар қызықтырады. Сіздердің кітапханаларыңызда бұндай кітаптар көп екен сондай-ақ, кітапхана сайтында өлкетану саласы бойынша әдебиеттер ұсынылған.Асель Султанова, кітапхананың Америка бұрышының қызметкері:
- Алғашқы күні презентацияға 80 адам келді. Студенттер ғана емес, кураторлар, қала мектептерінің оқушылары. Семинардағы қаламызға туристік турларды жасау жұмысынан балалар көп нәрсені үйренді.Саяхаттан кейін ола кітапханадағы кітаптармен жұмыс істеп, қала туралы тарихи және деректі ақпараттарды іздеді. Өздері тапқан ақпараттар бойынша бес тапсырмадан тұратын шағын реферат жұмысын жазды.
Бізде оқыту семинарлары жиі өтіп отырады. Ал бұл жолы командамен топтық жұмыс, практикалық жұмыс өте маңызды болып табылады.Семинар аяқталғаннан кейін, әрбір қатысқан адам өз картасын салып, қаламыздың гиді бола алады.

22 1 2      22 1 3   22 1 6   22 1 4
 Байланысшы: Жансая Ашкенова Тел.: 261-333 (ішкі. 119)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26338067
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102