Семейліктер қонақта
- Толығырақ
- Құрылды 04.11.2015 09:27
Біздің кітапхана екі жылдың көлемінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Кедергісіз кітапхана» жобасы аясында жұмыс жасауда. Жоба аясында кітапханаға пандус, жеделсаты орнатылып, кітап оқитын арнайы құрал-жабдықтар алынып, арнайы зал ашылды.
Бұл бағытта көптеген мәдени іс-шаралар өткізіліп, ағылшын тілінен курстар жүргізілуде. 3 қараша күні кітапханаға Семей қаласындағы № 4 нашар еститін балаларға арналған интернат оқушылары келіп қайтты. Қонақтарды Өскемен қаласындағы «Жүректен жүрекке» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, кітапхананың тұрақты оқырмандары флешмобпен қарсы алды. Оқу залында балаларды қарсы алған кітапхана маманы Нұрсадықова Бағдагүл өздерімен ыммен тілдескенде балалар таңырқағандарын жасырған жоқ. Халықаралық ресурстар орталығында Германия, Франция, АҚШ елдеріне саяхат жасады. Жастар интеллект-орталығында лего-конструктор, 3Д қаламсап, 3Д принтермен жаңа технологияның жаңалықтарымен танысты. Медиатека бөлімінде Пушкин поэзиясына саяхат жасады. Кездесу соңынан семейлік қонақтар би билеп өз өнерлерін көрсетті.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26331437
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы