Бос уақытыңды қызықты әрі интеллектуалды өткіз!
- Толығырақ
- Құрылды 31.10.2015 16:50
Кітапхананың Жастар интеллект-орталығындағы Роботжасау үйірмесіне негізінен мектеп оқушылары қатысып келсе, қазір жоғарғы оқу орны студенттерінің де қызығушылығын тудыруда.
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық университетінің «Машина құрастыру» факультетінің 1 курс студенттері Жантай Дулат пен Баймұрзаев Жасұлан сабақтан бос уақыттарын Lego-роботтехникасына арнауды жағымды әдетке айналдырды.
Олар 21 жасқа дейінгі жастарға арналған Lego-Mindstorms EV3 пайдаланып, роботтар құрастырады. Бүгін Дулат пен Жасұланның жасағаны – әртүрлі қызмет атқаруға бағдарламаланған жүк көтеру машинасы. Олардың жасаған роботы орталыққа келуші жастардың да қызығуын тудырды.
Бос уақытын қызықты әрі интеллектуалды өткізгісі келетін жастардың бәрін Жастар интеллект-орталығына шақырамыз!
| |
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26325775
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы