Кедергісіз кітапхана
- Толығырақ
- Құрылды 31.10.2015 15:26
А.С. Пушкин атындағы кітапхана қыркүйек айынан бастап «Алтынай» мүгедек-әйелдер бірлестігімен жұмыс жасап келеді. Екі ай бойы бірлестік мүшелері кітапхананың Жастар интеллект-орталығындағы IT-OTAU-да компьютерлік сауаттылық курстары мен Қазақ тілі курсына, Америка Мәдени Орталығындағы ағылшын тілі курсына қатысып келеді. Нәтижелері де айтарлықтай.
Бұрын оларда компьютермен жұмыс істеу дағдысы мүлдем болмаса, енді ДК-ді қолдану, Power Point бағдарламасында қарапайым презентациялар жасау, Интернеттен ақпарат іздеу дағдыларын игерді. Skype арқылы алыстағы жақындарымен де хабар алысып тұрады.
Ал олардың қазақ тіліндегі сөздік қоры кітапханашыларды жағымды таңқалдырды. Бұл Қазақ тілі курсының әрқашан қөңілді әрі қызықты өтуіне септігін тигізуде. Курсқа қатысушылар қазақ тілінен үйренгендерін көбінде дүкендерде пайдаланатынын айтады. Ағылшын тілі курсына да аса қызығушылықпен қатысады. Курстарға қатысып қана қоймай үйге оқуға әдебиеттер де алады. Андреева Вероника мен Троценко Алексей біздің тұрақты оқырманымыз. Олар болашақта осы курстардан басқа кітапхананың Шеберлер мектебіндегі қолөнер үйірмелеріне де қатысқылары келетінін айтады. Қалаулары бойынша кітапхананың Арнаулы қызметтер залындағы психолог Андрей Кузнецовтың психологиялық тренингіне де қатысуларына болады. Кітапханадағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы лайықтап жасалған пандус, жеделсаты, тазалық бөлмесі олардың кітапханадағы уақытының қолайлы өтуіне жағдай жасайды.
Кітапхана мүмкіндігі шектеулі жандарға ақпараттық қызмет көрсетіп, бос уақыттарын қызықты әрі пайдалы ұйымдастыруға көмектесуге қашанда даяр.
Байланысшы: Емельбаева М.
Тел.: 26-13-33
| |
|
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26333298
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы