Кітапхана кезекті қонақтарын қарсы алды
- Толығырақ
- Құрылды 16.06.2016 10:24
Біздің кітапхананың Америка бұрышы қалада ғана емес, аймақтарда да жұмыс істейді. Ағылшын тілін үйрену жөніндегі әдебиеттер қоры Риддер, Зырян, Үржар, Шемонаиха және облыстың басқа да елді мекендерді аралады. Семинарға қатысушылар кітапханаға келіп, барлық орталықтармен танысты. Олар қызығушылықпен робототехника үйірмесін сондай-ақ, 3 -D бағдарлама принципі бойынша элементер шығару туралы сұрады.Бибигуль Жамбыловна қонақтарды көру, есту қабілеті нашар жандарға арналған арнайы аппаратпен жабдықталған кабинет жұмысымен таныстырды.Салауатты өмір салтына арналған әдебиеттер мен тренажер залы қонақтарды таң қалдырды.Қонақтар кітапханада өткен семинар туралы өз әсерлерімен бөлісті.
Каримсаттар Салтанат - АҚШ Мемлекеттік Департаментінің Access бағдарламасы оқытушы, Жезқазған қаласы:
- Семинардан алған әсерім керемет. Біз америкалық әріптестерімізден оқып, үйреніп жатырмыз. Бүгін бізге Марк Дорр, Лиана Вайтайгер, Лорен Стикель дәріс берді. Біз ағылшын тілін үйретудегі американдық жаңа әдіс-тәсілдерді үйрендік.
Пушкин кітапханасын бәрін тамаша ұйымдастырған. Мұнда кітаптар ғана емес, Америка бұрышы, IT-Otau, ақпараттық технологиялар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы бөлім де бар. Барлық кітапханаларда бұндай шығармашылық бағыт жоқ. Нағыз 21 ғасырдың кітапханасы.
Тахмина Амирханова – оқытушы, Семей қаласы:
- Семинардан алған әсерім өте жақсы. Тренигтерден үйренеріміз өте көп. Міне бүгін кітапханаға келдік. Бұл жер тек кітапхана ғана емес, қаланың , облыстың мәдени орталығы. Барлық жастағы адамдар үшін демалыс және оқыту орталығы. Кітапхана назарында бірінші кезекте адамдар, олардың мүдделері мен қажеттіліктері.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26329622
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы