Әріптестік жалғасуда
- Толығырақ
- Құрылды 04.11.2016 18:01
Бүгін кітапхананың қызметкерлері және кітапхана еріктілерімен бірге Өскемен қаласы әкімдігінің №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайына барып қайттық. Осыдан 1 ай бұрын осы балаларға екі қоржын кітап апарған едік. Енді бүгін балалардың сол оқыған кітаптарының ішіндегі «100 Ертегі» атты кітаптың ішінен өздері таңдаған «Жолбарыс, қасқыр және түлкі» ертегісін қуыршақ театры арқылы қойып бердік.
Оқылған ағылшын кітаптары бойынша ағылшын тілінде ойындар ойнатылса, 3 тілде балалар әндері шырқалды.
Бүлдіршіндер музыкалық аспаптар арқылы патриоттық әндерді өздері орындап көрді, барлық балалармен бірге бірігіп би билеп, ән салынды. Кездесу соңында бөбекжай әдіскерімен алдағы кездесу жоспарланып, тәрбиешілерге оқуға тағыда бір қоржын кітаптар қалтырылды.
| |
||
| |
|
|
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339319
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы