"Love to code" - воркшопы по программированию
- Толығырақ
- Құрылды 10.11.2016 18:59
17-19 қараша аралығында кітапхананың Америка орталығында "Love to code" компаниясының теренерлері Елдос Балғабеков пен Дина Пин қызықты сабақтар жүргізеді. Бағдарламалау бойынша воркшоптар Астанадағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен Халықаралық білім апталығы аясында өткізіледі.
«Love to code» (LTC) командасының Өскемендегі іс-шаралар күнтізбесі:
Жергілікті мектеп мұғалімдеріне арналған семинар. Мақсаты: сабақ кезінде қолданылатын қосымша құралдар мен бағдарламалар ұсыну; Love to code" (LTC) және Қазақстандағы Америка орталықтарының іс-шаралары туралы ақпарат ұсыну (17 қараша 14:00 – 16:00).
Балаларды оқытатын ірі орталықтардың иегерлеріне арналған семинар. Мақсаты: сабақ кезінде қолданылатын қосымша құралдар мен бағдарламалар ұсыну; Love to code" (LTC) және Қазақстандағы Америка орталықтарының іс-шаралары туралы ақпарат беру, өңірде кодинг-үрдіс қалыптастыру (17 қараша 16:00 – 18:00).
Қалада IT-белсенділерімен кешкі ас (директорлар, әкімдік өкілдері, ЖОО профессорлары, волонтерлар т.б.). Мақсаты: бағдарламалау бойынша өңірлік бастаманы қолдайтын жақтастар табу, қала / өңірдегі «АКТ саласы бойынша білімнің» қазіргі жағдайларын білу, сондай-ақ, кодинг-мәдениетті ілгері жылжыту мақсатында жаңа идеялар жинау ( 17 қараша 19:00 – 21:00).
BootCamp - бағдарламалауды оқытудың қысқа интенсивті курсы. Мақсаты: талап білдірген оқушыларды (14-18 жас) информатика және есептегіш техника саласы бойынша іс-тәірибелермен қамтамасыз ету, табысты оқиғалар торабын құру және оны медиада қолдану (18-19 қараша 09:00 – 17:00).
«Девушки в Tech» (BootCamp-қа қатысушы қыздар үшін 30 минуттық сессия). Мақсаты: аңыздарға тоқталып, технология саласындағы қыздар туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру, кедергіні жеңу жолдарын түсіндіру. Қыздардың STEM-ге (Science, Technology, Engineering, and Mathematics) жасқанбай, белсенді қатысуына көмек беріп, үйрету.
Бағдарламалау ұнай ма? Өз болашағыңызды IT саласынан көргіңіз келе ме? Онда Дина Пин мен Елдос Балғабаевтың воркшоптарына жазылыңыз. Біз сізді күтеміз. Қатысу ақысыз. Орыс тілінде өткізіледі.
Анықтама үшін кітапхананың Америка орталығына хабарласыңыздар
тел.: 8 (7232) 261-333 (внутр. 106) моб. 87772996307, факс: 263-087;
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26336831
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы