homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВЕліміздің мақтанышы
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Еліміздің мақтанышы

Олимпиада чемпионымен кездесуге облыстық спорт мектеп-интернатының оқушылары, 5518 әскери бөлімінің  сарбаздары және қаламыздағы белсенді жастар келді.

     Юрий Мельниченко - 7-мәрте Қазақстан чемпионы; 2-мәрте – Азия чемпионы (1996, 1997); Азия ойындарының чемпионы (Хиросима, 1994); әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Прага, 1995; Афина, 1999); әлем чемпионы (1994, 1997); жастар арасында әлем чемпионы (1990, 1991); грек-рим күресінен ҚР чемпионы (1994, 1995); II Шығыс Азия ойындары чемпионы (1997); II Орталық Азия ойындарының чемпионы (1997). Грек-рим күресінен ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (1994).
2000-2004 жылдары Қазақстанның грек-рим күресі бойынша құрама командасының бас жаттықтырушысы.
Басқосу барысында спортшыға марапаттау кезінде Қазақстан әнұраны ойнағанда қандай сезімде боласыз? Бос уақытыңызда немен айналысасыз?, болашақтағы жоспарларыңыз қандай? деген сияқты әр түрлі сұрақтар қойылды. Кездесуден кейін, Юрий тілшілердің сұрақтарына жауап берді.
Юрий Мельниченко:
Бүгінгі кездесуден жағымды әсер алдым. Өйткені жастармен кездесу, қазіргі күні оларды не қызықтырады, жастарымыз қалай өмір сүруде, жалпы жастарды түсінуге мүмкіндік береді. Осындай кездесулердің арқасында өз өмірімізге жаңа қырынан қарай бастаймыз. Бүгін облыстық спорт мектебінің оқушылары келіп отыр екен. Біріншіден мен оларға қазақстандық грек-рим күресі дәстүрінің, батырларымыздың ізбасарлары ретінде мықты әрі әрқашан алда болуға ұмтылуға тілектеспін. Қазақстандық спорт жаңа есімдерді қажет етеді. Мен бұл балалардың көзінен спортқа деген құмарлықты көріп тұрмын.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде кітапхана мен кітап оқудың рөлі қандай? деген сауалға олимпиада чемпионы былай деп жауап берді:
Кітапхана - білім университеті, ал кітап - білім көзі. Ал, білімсіз кез-келген қызмет саласында табысқа жету мүмкін емес. Біздің кездесудің кітапханада өтіп отырғаны өте маңызды. Кездесуге келмес бұрын балалардың өзі де кездесу Спорт сарайында емес, неге кітапханада өтеді? деп таң қалған болар.Кітапхана адамзаттың барлық жинақталған білімінің қайнар көзі болып табылады. Балалар спортпен қатар басқа ғылымдармен айналысып, білімдерін жетілдіру керек. Бүгінде спортшылар  спорттық көрсеткіштері туралы ғана емес, өз интеллектісінің дамуына көп көңіл бөледі.Олимпиада чемпионымен бейне – сұхбатты ертең кітапхана сайтынан көре аласыздар.

2 22 1 2 22 4 2 22 5 2 22 2 2 22 3
 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26341897
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102