homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы оқу залының ашылуы
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы оқу залының ашылуы

1 желтоқсан сағ. 13.00-де кітапханада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасының оқу залы ашылады. Аталған залдың қызметі – Елбасының жасампаз идеялары мен бастамаларын насихаттау, ол ең алдымен шығысқазақстандық өскелең ұрпақты мемлекеттік құндылыққа сусындатып, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмге тәрбиелеу мақсатына бағытталады.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі Елордамыз – Астана қаласында орналасқан. Кітапхана қорында Н.Ә. Назарбаевтың жеке мұрағатындағы 700 жәдігер мен 20 000-нан астам басылым жинақталған. Қор үнемі жаңа кітаптармен, фотосуреттермен, мұрағаттық материалдармен толықтырылып тұрады. Енді осы материалдар мен жаңа басылымдар Өскемендегі Оқу залының пайдаланушылары үшін онлайн режімінде қолжетімді болмақ. Сондай-ақ, Тұңғыш Президент кітапханасы арқылы ғылыми әрі білім беру мақсатында Оқу залы әлемдік баспалардың лицензиялық дерекқорларына қолжетімділікті қамтамасыз етпек. Ашылу салтанатына орай Тұңғыш Президент кітапханасы Оқу залына Елбасы кітаптарының арнайы топтамасын сыйға тартты.

Сонымен, Өскемендегі Оқу залы әртүрлі жастағы және кәсіби топтағы адамдардың Тұңғыш Президент кітапханасымен байланыс жасайтын өңірлік кеңістік болмақ. Мұнда ақпараттық және әдістемелік семинарлар, зерттеушілермен кездесулер, онлайн диалогтық алаңдар, дискуссиялар және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылады. Оқу залы Тұңғыш Президент кітапханасымен бірлесе отырып, жастардың саяси мәдениетін, әлеуметтік дағдысын қалыптастыруға, сонымен бірге жас кадрлар резервін дайындауға ықпал етпек. Сондықтан
Оқу залы жастардың әлеуметтік тәжірибелік рөлін арттыру, жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік маңызды жобаларын жүзеге асыруға тарту мақсатында талантты жастарды, мектеп пен студенттік өзін-өзі басқарудың белсенділері мен көшбасшыларын біріктіріп, шоғырландыруды өзінің басты бағыты деп анықтайды.

Жобаға демеушілік қолдау көрсеткен «Қазмырыш» ЖШС. Осы серіктестік арқасында Оқу залына келушілер заманауи техникалық жабдықтарды қолданады, соның ішінде Тұңғыш Президент кітапханасымен онлайн байланыстар орнату және қашықтық қызметін пайдалану.

Тұңғыш Президент кітапханасы оқу залының ашылу салтанатына жергілікті билік өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, жастар қозғалысының белсенділері мен қала жұртшылығы шақырылады.

Анықтама тел.: 261333 (ішкі № 119) Рахимбаева Б.С.

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26338862
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102