homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВАғайынды Гриммдер ертегілері сиқыры
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Ағайынды Гриммдер ертегілері сиқыры

Әрине, «Бремен музыканттары» немесе «Қасқыр мен жеті лақ» жайлы ертегілер баршамызға мәлім. Ал бұлардың авторы болып табылатын ағайынды Гриммдердің сиқырлы да тартымды шығармалары қанша уақыт өтсе де, атадан-балаға беріліп, маңызын жоймай келеді. Католиктік Рождество мерекесі қарсаңында 20 желтоқсан күні сағ. 11.00-де кітапханамызда ағайынды Гриммдер мемориалды мұражайы қорынан «Ағайынды Гриммдер. Өмірі мен шығармашылығы» (Кассель, Германия) көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Бұл біздің кітапхана мен Алматы қаласындағы Гете-Институтының бірлескен жобасы. Көрмені Германияның Астанадағы Елшілігінің экономика мәселелері жөніндегі референді – Йонатан Вайнберг мырза ашады.
Ұлы ертегішілер экспозициясы тек балаларға ғана емес, сонымен бірге ересектер үшін де қызықты жасалған. Көрмеден Якоб пен Вильгельм Гриммдердің өмірбаян үзінділері бар қолжазба түпнұсқаларының көшірмесін, ағайындылардың хаттары, құттықтаулары және өзге де деректі құжаттарын тамашалауға болады. Сондай-ақ, плакаттарда Гриммдер неміс тілі мен әдебиеті туралы ғылымның негізін салушылар, ХІХ ғасырда Германияда болған саяси қозғалысқа үлестерін қосқан қоғам қайраткерлері ретінде де сомдалған.
Көрмеде ұсынылған ертегі кейіпкерлерінің суреттері де балаларды немқұрайды қалдырмасы сөзсіз. Сонымен бірге, кітапханамыздың жас оқырмандары салған суреттері мен шығармашылық қолөнерлері де неміс көрмесіне өзіндік рең бергендей.
Кітапхана қызметкерлері көрменің ашылу салтанатына орай ағайынды Гриммдердің қазақ, орыс, неміс, ағылшын тілдеріндегі әдебиеттер топтамасы мен авторлардың ертегілері желісінде түсірілген мультфильмдерді ұсынады.
Ертегілер – халық даналығының айнасы. Ертегінің барлық халыққа түсінікті сиқырлы тілі, әртүрлі халықтың мәдениетін байланыстырып тұрады. Сондықтан, неміс ертегішілерінің өмірі мен шығармашылығына арналған халықаралық көрменің ашылуы – Қазақстан мен Германия халықтарын байланыстыратын достық көпір іспеттес.
Ағайынды Гриммдер мұрасына арналған көрмеге баршаңызды шақырамыз. Кіру ақысыз!

                                                                             Байланысшы: Ольга Леонова, анықтама тел. 261-333 (ішкі 122)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26341006
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102