Сауатты адам – табысты адам
- Толығырақ
- Құрылды 14.12.2016 18:00
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында «25 жұлдызды күн» жобасы аясында сауаттылық акциясы өтті.
Сауатты адам – бұл ең алдымен өз міндетін іскерлікпен орындайтын, мемлекеттік тілді толық меңгерген сауатты басшы, мемлекеттік қызметкер, заңгер, мұғалім, дәрігер т.б.
Акцияға қатысуға : «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының ШҚО бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу» орталығы департамент ұжымы, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департамент ұжымы, «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті тексеру»департамент ұжымы мамандары келді. Сондай-ақ, осы уақытта облысымыздың аудандық кітапханаларының оқырмандары да ашық диктант жазды.
Ашық диктанттың мақсаты – кез келген адамның өзінің сауаттылығын тексеруіне мүмкіндік беру, сондай-ақ заманауи қоғамда сауаттылықтың маңыздылығын атап өту. Бұл – сауатты жазу мәдениетін дамытуға бағытталған білім акциясы. Ашық диктант Елбасы Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабынан алынды. Диктантты ШҚ лингвистикалық орталығының оқытушысы Абилмажинова Ләйлә Қазезбекқызы оқыды.
Диктант нәтижесі көрсеткендей, барлық акцияға қатысушылардың мемлекеттік тілді білу деңгейі – жақсы болды. Жастардың белсенділік танытып, білімдерін тексеруге келгендеріне біз өте қуаныштымыз.
Кітапхана атынан барлық қатысушыларға Оралхан Бөкей мен Шәкәрім Құдайбердиевтің жинақтары сыйға тартылды. Ал сауаттылығымен ерекше көзге түскен қатысушыларға Н. Назарбаевтың кітабы сыйға тартылды. Бейнесюжетті мына сілтеме арқылы көре аласыздар https://www.youtube.com/watch?v=Ir_DgcD_I50&feature=youtu.be
|
|
|
|
|
|
Байланысшы: Ашкенова Жансая тел.:261 333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341717
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы