Біздің кітапханадағы "алып" кітаптар
- Толығырақ
- Құрылды 05.01.2017 18:23
Егер біздің кітапхана қорындағы бай, ерекше, бірегей басылымдармен танысқыңыз келсе, кітап көрмесіне келіңіз.
Ертегілерде алып-дәулер немесе ергежейлілерді кездестіреміз. Ал, біздің кітапханада ерекше алып-кітаптар бар. Кітап көлемі жайлы сөз еткенде, оның мөлшері, қалыңдығы, салмағы, бет саны, ондағы бір роман сюжетінің ұзақтығы ескерілуі мүмкін. Көрмеде кітапхана қорынан алынған 50-ден астам алып кітап топтастырылды.
Өткен жолы жазғанымыздай аталған көрмеде ең бірінші кезекте өзінің көлемі жағынан қызығушылық тудыратын кітаптар орын алған. Олардың қатарында «Климатический атлас СССР» (1960), «Атлас мира» (1967), «Агроклиматический атлас мира» (1972) тәрізді түрлі-түсті суретті, карта, диаграмма мен кестелі алып кітаптар бар.
Тағы бір көзге ерекше түсетін кітаптардың бірі «Эрмитаж» деп аталады. Ғимарат пен сәулет тарихынан сыр шертетін бұл басылым сарайдың құжаттық зерттеу негізінде жазылған.
Ежелгі орыс тілінде жазылған «Житие Александра Невского» факсимильді басылымы XVI ғасырдың жылнамасын ашады.
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың өмірі мен биографиясы арқылы Қазақстан дамуының тарихи жылнамасы үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) тарихи фотожылнамада көрсетілген.
Иммануил Канттың «Метафизические начала естествознания» басылымын да айтпай кетуге болмайды. Ұлы неміс ойшылының туындысы Владмир Соловьев айтып өткендей философиялық критицизмнің негізін қалады. 1746 жылғы басылым 1700 беттен тұрады. Осындай форматта 1244 беттен Александр Сергеевич Пушкиннің «Поэзия. Драматургия. Проза. В одном томе» кітабы да осы көрмеден орын алған.
Еліпміздің алуан түрлі әсем де бай табиғатын басылымның бірі «Страна цветных горизонтов» фотоальбомы.
Альбомға ұлттық саябақтар,табиғи қорықтар және Қазақстанның әдемі жерлері енді. Кітапханаға келіңіздер! Көріңіздер! Мына сілтеме көрме туралы арқылы бейнесюжетті көре аласыздар. https://www.youtube.com/watch?v=7AIT_qp5o9c
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339484
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы