Заңгерлер Алаш тарихымен танысты
- Толығырақ
- Құрылды 07.02.2017 16:45
2 ақпан күні кітапхана қызметкерлері Шығыс Қазақстан облыстық Әділет Департментінде «Алаш қозғалысына -100 жыл» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, шолу жасады.
Кітапханшылар Әділет қызметкерлерін қазіргі ғылыми монографиялар, тарихи зеррттеулер негізінде «Алаш» партиясының құрылу тарихымен, атқарған жұмыстарымен таныстырды.
Қазіргі кезең зерттеулері мұрағат материалдары арқылы сол кезең оқиғаларын ерекше әсермен, жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Әсіресе, М. Құлмұхаммедтің алаштың басты құжаты - Конституция жобасы туралы «Алаш бағдарламасы: ақиқат пен қиянат» зерттеулері, Д. Аманжолованың «Партия Алаш: история и историография», «Казахский автономизм и Россия: история движения Алаш», М. Қойгелдінің “Алаш қозғалысы” т. б. еңбектері ұсынылды. Сонымен қатар алаш қайраткерлерінің ұзақ жылдар бойы қапаста жатқан еңбектері - идеялары мен арман-мүдделері, зерттеулері, мақалалары оқырмандар қызығушылығын туғызды. .
Сәлменова Бағыжан Серікқалиқызы – Шығыс Қазақстан облысы Әділет басқармасының ұйымдастыру-талдау бөлімінің жетекшісі:
Кітап көрмесі Алаш арыстарының арман –мүдделері мен іс –әрекеттерін олардың еңбектерімен таныса отырып бағалауға мүмкіндік береді. Бүгінгі тәуелсіздік жылдарында өткен ғасырдағы алғашқы қазақ зиялылары мен қазіргі кезең арасындағы ұрпақтар сабақтастығын аңғаруға болады.
Ұлттық топ жару стратегиясы Тұңғыш Елбасының идеялары мен қызметінде, игі бастамаларында жалғасын тауып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаттарында көрініс табуда.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26340540
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы